Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан - зайырлы мемлекет

Менің Отаным - Тәуелсіз, зайырлы Қазақстан! Глобус пен әлем картасын ашып қарасақ та алғаш көзге түсетін ірі мемлекеттің бірі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ата заңды қабылдағаннан бастап өзін зайырлы, көпұлтты, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқын көрсетілген. Демек, Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адамның өз құқығы, өз діни сенімі бар. Бұл дегеніміз, заңда көрсетілгендей зайырлылық қағидатын ұстана отырып, дін мен мемлекет байланысының бір-біріне бейтараптылығы, яғни, араласпауын көрсетеді. Зайырлылық принципі адамның діни сенім бостандығына еркіндік береді. Зайырлы мемлекеттің ерекшелігі - ешбір дінді өзге діндерден артық деп санамайды. Бұл дегеніміз, қоғамдағы теңдік пен татулықты сақтауға пайдасын тигізеді. Демек, әр адамның қандай дінді ұстанса да, ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін жаңғыртсада оған шектеу жоқ. Әр ұлт өкілі басқа ұлттың дініне, салт-дәстүріне құрметпен, толерантты көзқараспен қарау керек. Толерантты ел болуымыздың өзі мемлекет үшін, өз мәдениетіміздің көркейіп дамуына, басқа ұлттардың мәдениетінің дамуына өз үлесін қосады деп ойлаймын. Көп ұлтты Қазақстанның әрбір азаматы зайырлылық ұғымын түсініп, дүниетанымына енгізе білсе, ынтымағы жарасқан мәңгі Тәуелсіз, Зайырлы мемлекет болып одан әрі дамуымызға жол ашамыз деп ойлаймын. Біздің борышымыз Отанымызды сүйіп, ашық қоғамда өзге ұлттың діни сеніміне құрметпен қарап, діни тәрбиеміз бен діни сауаттылығымызды арттырсақ, зайырлы елде өмір сүру дамуымыздың көрінісі деп ойлаймын.

Ризабек Сұңқар 4 курс Дінтану мамандығы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз