Өлең, жыр, ақындар

Орталық мемлекеттік музей

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы Алматы қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы байырғы, ең ірі мұражайлардың бірі екен. Мен оны тарих ағайымызбен барғанда байқадым. Әр дәуірге бір бөлме арнаған. Мысалы, тас дәуіріндегі Қазақстан, ортағасырдағы Қазақстан, соғыс жылдарындағы Қазақстан, Тәуелсіз Қазақстан дегендей үлкен бөлмелер бар. Тас дәуіндегі көптеген құнды заттар қызықтырды. Тастан жасалған құралдар, олардың орналасқан мекені жайлы карталар маған ұнады. Сол заманғы жерлеу орындарында көне адамдардың қалай жерленгеніне дейін, бейнеленген. Ортағасырлардағы кесенелер: Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, Айша бибі және Бабаджа қатын кесенелерінің кішкене үлгісі қойылған. Сол замандардағы құмыраларды көріп, өткен адамдардың өте жақсы ұста екендіктеріне көз жеткіздім. Және тек қазақ тарихына ғана мән берілмеген, басқа ұлттардың да әдет-ғұрпын, салт-санасын бейнелейтін көрнеліктер сақталған. Қазақстанда мекендеген өзге ұлттардың ұлттық киімдеріне дейін қойылған екен. Тағы мән берерлік дүние, соғыс жылдарындағы Қазақстанды жақсы бейнелеген Мұрағаттар әлі сақтаулы. Соғысқа қатысқан біздің батыр апа-аталарымызға арнайы қабырға беріліп барлығының есімін жазған. Бұл да ерлік көрсеткен батырларымызды ұмытпауға бір себеп болады. Одан берегіректе Тәуелсіз Қазақстан залына көшсек қазіргі Қазақстан жетістері. Тұңғыш ғарышқа ұшқан қазақстандықтың ғарышқа киген киімінің түп нұсқасы сақталыпты. Және зауыт фабрикалардың моделдері көздің жауын алады. Еліміздің жетістері осыншама көп деп ойламаппын. Көріп қуандым.

Мұражайға барып, бір сағатымды арнағаныма өкінбедім. Есесіне елімнің тарихына куә болдым. Өткен замандарға сапар шеккендей болдым. Тіпті сол заманда өмір сүрген тұрғындай сезімде болдым. Мұражайға бару – құр уақытты жоғалту емес екеніне көзім жетті. Керісінше, балалардың, жас ұрпақтың көзін қанық болуы үшін мұражайға көп апару керек деп ойлаймын. Өз елінің тарихын көзбен тамашалап, санасына түйген бала елінің патриоты болары анық.

 

"Әлеуметтану" мамандығының 1-курс студенті Әлімхан Майра

т.ғ.к., аға оқытушы Жұмаділ М.Т.

оқытушы Әкімбек Ж.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз