Өлең, жыр, ақындар

Қызықты математика

Неше бөлік?

Асылтөренің әкесі қолөнер шебері. Күні бойы шеберханасында ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Кішкене ғана тақтайдың сынықтарының өзінен оюлы ойыншық сандық, тостаған, домбыра, астау т.т. түрлі ұлттық бұйымдар жасап, сатылымға жібереді. Шетелдіктер кейде осындай заттарға көптеп тапсырыс береді.

Әкесінен көргенін қайталап, Асылтөре де кішкене бәкісімен ағаш жонып отыр. Өзіне дойбы жасап алмақшы. Әр дойбы тасы 2×2 см болғанда, 24 дойбы тасына қанша сантиметр ағаш кетеді? Ені де, ұзындығы 2 см болуы үшін, ұзындығы 1,2 метр, ені 60 см тақтайды неше бөлікке бөлеміз?

Неше самса?

Ақпейіл анасы екеуі тапсырыспен самса пісіріп сатады. 1 жайым (зуала) қамырдан 55 дана самса шығады. Ал Ақпейіл 3 жайым қамыр илеп, түгел самса жасады. Піскен кезде екеуін әкесіне, біреуін інісіне, екеуін анасы екеуіне бөлек алып қалды. Қалғанын тұтынушыға өткізіп, 12000 теңге ақша тапты. Ал, балақайлар! Кім есепке жүйрік? Ақпейіл неше самса пісіріп, нешеуін өздеріне қалдырып, нешеуін сатты? Бір самсаны қанша теңгеден өткізді?

1 самсаға 50 г ет пен пияз кетсе (салма), Ақпейіл бүгін неше кг салма жұмсады?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз