Өлең, жыр, ақындар

Жауғаш батыр туралы

Абылайдың бір жақсы көретін баласы өліп, бас көтермей жатып қалғанда, көңіл айтуға келген белгілі адамдармен еріп хан ордасына кірген Жауғаш орынды жұбату сөз тауып айтып, алғырлығымен ел ағаларының көзіне түседі. Абылай хан жас жігіттің сөзіне риза болып, басын көтеріп, жөн сұрағанда:

— Ұлы жүзден келдім.
Елім — дулат, нағашым — қоңырат,
Руым — ботбай-қоралас,
Атым — Жауғаш, —

депті тайсалмастан. Абылай Жауғаштың әңгімелерін естіп, жағдайын әбден түсінгеннен кейін, жолдастарымен бірге күзетшілер қатарына қабылдаған екен.

Абылай Жауғаштың жастығына қарамай, тындырымды ісін, қиын жағдайлардағы тез  аңғарғыштығын, шешімділігін, тұжырымды ақылын, байыпты сөз тапқыштығын ерекше бағалап, баласындай баулып, тәрбиелеген.

Жауғаш жоңғарларға қарсы шайқаста ерлік жасап, он жеті жасында батыр атанған екен.

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Ер Жауғаш


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер