Бірде қалмақтар бір үңгірге бекініп алыпты. Үңгірдің аузында сол уақытта атақты қорама қара қаруымен (қалмақтар онымен Ертіс асырып сайғақ атқан) мерген отырып алыпты. Бірнеше батырдың өлімінен кейін ешкімнің баруға дәті бармайды. Осы сәтте Сіргелі Елшібек батыр құлагер атымен қалмаққа қарай жорғалап жөнеледі. Арттағылар: «Бұл да өлді- ау!» деп тұрады. Елшібек оған жақын келеді де, атой салады. Қалмақ білтесін тұтады, мылтық атылмай қалады. Екінші рет дайындап үлгергенше, батыр шауып тастайды.
Кейін одан неліктен жорғалатып барғанын сұрағанда, ол: «Қалмақ менің атымды алғысы келді, сондықтан менің жақын келуімді күтті, ал мен оған жеткенше мылтыққа үлкен күйік жиналып, артынан атылмай қалатынын білдім», — деп жауап береді. Осыдан кейін қырғыздардың арасында «Қорым білтесінің күйігі» деген сөз қалды.
Оқуға кеңес береміз:
Ашырбекова темірхан
Келісемін