Қартайған кезінде жастық шағындағы жолдасы Қараменде есіне түсіп, жас кезіндегі сәттерін және қартайып, қажыған шақтағы өзгерістерін айтып, пікір алыспақшы болады. Ол кезде ел арасындағы қатынас тек атпен ғана болғандықтан өзі бара алмайды да, ел танып, сөз мәнісін білетін бір жас жігітті шақырып:
— Шырағым, тобықтыда Қараменде деген досым бар еді. Көрмегелі көп жылдар болды, сағындым. өзім іздеп баруға шамам жоқ, ол да қартайды, мені іздеп келе алмайды. Оның айтқан сөзін жігіт жаттап алады. Сондағы Жидебайдың бес ауыз бір сөзі: «Төрт нәрседе үміт бар, бір нәрседе үміт жоқ», — осыны айтасың. Алты ауыз бір сөзі: «Мұсылман жаудың қолында қалдым, бес атаның малын іздеп әуре бодым. Алпыс ат үйір бермейді, жетпіс торғай шырылдайды, сексен балапан ұя басып жатыр, тоқсан жұмыртқа қашан жарылары белгісіз».
Жаздігүні жайлауға қонған қалың елді аралап, бірнеше күн жол жүріп, манағы жігіт тобықтығы жетіп, Қарамендеге келеді. Біраз күн жатып тынығып, ел жайы мен амандығына әбден көзі жеткеннен соң, жігіт қайтпақ болады. Сонда Қараменде:
— Жидекең тірі болса, маған басқа сәлем айтпады ма? — деп сұрапты. Сонда жігіт батырдың сәлемін айтыпты. Қараменде көп толғанып, ойланып біраздан кейін:
— «Төрт нәрседе үміт бар» дегені — адам баласы төрт үмітпен жүріп өтеді екен-ау, яғни, «жас өсемін деп үмітті, жалғыз көбейемін деп үмітті, жарлы байимын деп үмітті, ауру жазыламын деп үмітті».
«Бір нәрседен үміт жоқ» дегені — шіркін, көктемі мен жазы өтіп, жапырағы қураған ағаштай тәтті өмір сүрген, бір-біріне иістері сіңген жастық шақтағы жұбайы қайтып, келін баласының қолында қалған екен ғой. Екі елі аузына төрт елі қақпақ қойса, балаға сонда ғана сыйымды болады, — деген екен.
«Бес атаның малын іздеп әуре болдым» дегені — қайран батыр қартайып, көзі соқыр болған кезі екен, жастан серік болған бес жолдасы мүсуақ, тәшпық, орамал, бәкі, қамшы болар. Осылардың басын қосып жинау үшін жан-жағын сипалап, іздеп тапқанша, түске дейінгі уақыт өтеді екен. Жанына жанқалта, төсіне төс қалта салсын, — депті. Ал «Алпыс ат үйір бермейді» дегені — алпыс жас ағайынды жауға бермейтін қайрат-күштің қайтпайтын кезі ғой, «жетпіс торғай шырылдайды» дегені — «жетпісте торғайдай ғана қуатың қалады» дегені. «Сексен балапан ұя басып жатыр» дегені — «сексенде ұяда жатқан балапандай төсек тартып жаттым» дегені. «Тоқсан жұмыртқа қашан жарылатынын білмеймін» дегені — «тоқсаннан асқан жасым бар, бір аяғыммен қабірдемін, ақ өлім қашан жетеді деп күтудемін» дегені екен ғой, — дейді.
Оқуға кеңес береміз:
Абылай ханның Жәнібекті сынауы
Жәнібектің қартайған кезінде кешірмелерін еске алуы
Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі