Күні кеше ғана әлемде барша арулардың,қыз-келіншектеріміздің 8 наурыз мерекесі өтті.
Бірақ та бұл күн гендерлік теңсіздікке қарсы шыққан, әйел қауымының өз құқығын қорғап шыққан күн болып келетінің бірі-білсе бірі-білмес.
8 наурыз мейрамының тарихы.
1908 жылы 28 ақпанда Нью-Йорк социал-демократиялық әйелдер ұйымының шақыруымен әйелдер теңқұқықтығы туралы митинг өткізілді. Бұл күні 15 мыңнан астам әйел жұмыс күнінің қысқартуы және ерлермен тең еңбекақы төлеу шарттарын талап етіп, қала арқылы өтті. Олар сондай-ақ әйелдер сайлау құқығын талап етті.
Бұл идеяның қозғаушы күші ретінде неміс әйелдер құқығын қорғаушысы, әрі марксизм теоретигі- Клара Цеткинді атап айтсақ болады. Ол бұл күні әйелдер өз мәселелеріне қоғамның назарын тарту үшін митингтер мен шерулер өткізеді деп түсіндірілді.
Халықаралық әйелдер күні ең алғаш рет 1911 жылы төрт елде – Дания, Швейцария, Австрия және Германияда тойланды. 1912 жылдан бастап әйелдер күні әлемнің әр елінде кең көлемде тойлана бастады.
Ал Қазақстанда бұл алғаш Кеңес Одағының құрамында болған кезде ресми түрде атап өтіле бастады.
1923 жылы 8 наурыз “Халықаралық әйелдер күні” емес, әлі де коммунистіктің, теңсіздіктің қалдықтарымен аталған “Халықаралық еңбекші әйелдер” мереке ретінде атап өтілді.
Ал, 1965 жылы бұл күн мемлекеттік деңгейде бекітіліп, демалыс күніне айналды. Кейінірек 8 наурыз тәуелсіздік жылдарынан кейін ресми, құрметке толы, сол бір күні әр ер азаматтардың құшағы гүлге толатын, әйелдердің абыройын асқақтатып, жоғары деңгейде тойлана бастаған болатын
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі