Мұхтар Шаханов - көрнекті ақын, жазушы, әрі нағыз қоғам қайраткері. Ол 1942 жылдың 2 шілдесінде Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген. Қаншама әндердің, өлең жолдарының авторы. Қазақ музыка, өлең тарихына қалдырған қаншама еңбегі бар. Алапат өнерімен асудан аттап үлгерсе де қартайған шағының рахатын көретін сәтте өмірден озды. Дегенмен де оның өлеңдері мәңгі ел арасында сақталып қалады деп айтады өлең сүйер қауым. Алайда жұртшылықтың айтуы бойынша "бұл ақын жайында естігенім бар, бірақ өлеңдерін білмейді екенмін" дейді көбісі. Осы жерде сіздер қатты қателесіп тұрсыздар. Себебі, бұл кісінің ел арасында тараған қаншама өлеңдері бар.
Солардың бірі:
"Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,
Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.
Ғашықтық пен өткен күндер ғана өмір,
Ал қалғаны жай күндер.
Көлмен көлдей, таумен таудай теңдесе,
Белдесуге талап қылдым мен неше.
Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға,
Елу бір жыл өмір сүрдім, ендеше."- деген жолдармен танылған Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" өлеңін естімеген жан жоқ шығар. Ал әндерінің ішінен "Арыс жағасында" Асанали Кошеров, "Айналайын" Қарақат Әбілдина және Алтынай Жорабаеваның " Өмір өзен" атты өлеңі де осы атамыздың шығарған туындылары. Сондықтанда Мұхтар Шахановты білмеймін деу қателік. Осы дамып, аласапыран болып жүрген заманда әлі күнге дейін танымал болып жүрген өлеңдерін естігенде көңілім орнына келеді. Сонымен қатар атамыздың "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алғанында ұмытпағанымыз жөн. Ол бұл атақты 2022 жылдың 16 маусымындағы президенттің №933 жарлығынан кейін осы атаққа ие болғанын біліп жүрейік. Атамыз ақын ғана емес, қоғам мәселелерін көтерген, тіл, ұлт, рух туралы ашық сөйлеген тұлға. Осының барлығын жаза отырып "біз шынымен де өз ақындарымызды танимыз ба?" деген ойға келдім. Дегенмен де осындай деректердің арқасында қысқа да болсын мәлімет алатынымызға сенемін.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Манарбек Инабат
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі