Қорқыт ата – түркі руханиятының ұлы ойшылы
Қорқыт ата – түркі халықтарының мәдениеті мен рухани дүниетанымында ерекше орын алатын тарихи тұлға, ойшыл, жырау және күй өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Ол тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің ортақ рухани мұрасы болып саналады. Қорқыт ата туралы аңыздар мен тарихи деректер оның терең философиялық ой иесі болғанын және өмірдің мәні туралы толғанғанын көрсетеді.
Тарихи деректерге сүйенсек, Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген. Ол VIII–IX ғасырларда өмір сүрді деп болжанады. Оның есімі көбінесе қобыздың шығуымен және күй өнерінің бастауымен байланыстырылады. Аңыз бойынша, Қорқыт ата өмірдің өткінші екенін түсініп, мәңгілік өмірді іздеген. Бірақ қайда барса да, «өлім» алдынан шыға берген соң, ол ажалдан қашудың мүмкін еместігін түсініп, мәңгілік өмірді өнерден, күйден тапқан.Осылайша, ол қобызды жасап, жүрек сырын, өмір мұңын күй арқылы жеткізген. Оның күйлері адам жанын тербейтін терең философиялық мазмұнға ие болған.
Қорқыт ата өмірдің мәні мен өлім тақырыбын терең зерттеген ойшыл ретінде белгілі. Оның негізгі философиялық идеясы – адам өмірі уақытша, бірақ рухани мұра мәңгі деген тұжырымға негізделеді. Ол адамды ізгілікке, адалдыққа және рухани тазалыққа шақырған.Қорқыттың ойынша, адам тек байлық немесе билік арқылы емес, артында қалдырған рухани істері арқылы мәңгі жасай алады. Сол себепті ол өнерді – мәңгілік өмірдің бір түрі ретінде қарастырды.
Қорқыт ата қазақ музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Аңыздар бойынша, ол қобызды алғаш жасаған адам. Қобыздың үні табиғатпен, адамның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты деп есептеледі.Қорқыттың күйлері көбінесе өмір мен өлім, сағыныш, табиғаттың тылсым күші туралы сыр шертеді. Бұл күйлер тек музыкалық шығарма ғана емес, терең философиялық ойдың көрінісі болып табылады. Бүгінде де Қорқыттың күйлері орындалып, ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі ретінде сақталып келеді.
Қорқыт ата мұрасы тек музыкамен шектелмейді. Ол түркі халықтарының ауыз әдебиетінде, аңыз-әңгімелерінде, философиялық ойларында кеңінен көрініс тапқан. Оның идеялары «Қорқыт ата кітабы» атты еңбекте жинақталған. Бұл кітап түркі халықтарының ең көне әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады.Қорқыт ата кітабы – түркі дүниесінің тарихи, мәдени және рухани өмірін сипаттайтын аса құнды шығарма. Онда батырлық, ерлік, отбасылық құндылықтар және адамгершілік тақырыптары кеңінен қамтылған.
Қорқыт ата – тек тарихи тұлға емес, бүкіл түркі әлемінің рухани символы. Оның өмір туралы философиялық ойлары, қобыз арқылы жеткізген күйлері және адамгершілікке шақырған идеялары бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Қорқыттың мұрасы – мәңгілік өнер мен руханияттың көрінісі.Оның ең басты сабағы – адам өмірі қысқа болса да, артында қалдырған ізгі ісі мен өнері мәңгі жасайды.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі