Отырардан шыққан өр тұлға – Әселхан Қалыбекова - Такура Асхан

   Әселхан Қалыбекова – Отырар топырағынан шыққан, қазақ поэзиясында өзіндік үнімен дараланған, орақ тілді ақын. Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген ол қарапайым ауылдан шығып, биік рухани деңгейге көтерілген тұлға. Құлшығаш руынан тарайтын ақын апамыз текті сөздің, ұлттық тәрбиенің мәйегін бойына сіңіріп өскен жан.Әселхан Қалыбекованың шығармашылығы шындыққа негізделген батылдығымен ерекшеленеді. Оның өлеңдерінде қоғамдағы кемшіліктер, адамдық құндылықтар, елдік мәселелер кеңінен қозғалады. Сол үшін де халық оны “орақ тілді ақын” деп атап кеткен.

Ақынның әрбір жыры өткір ойымен, терең мазмұнымен оқырманын ойландырып, жүрекке әсер етеді.Әселхан апамыз республикалық деңгейдегі айтыстар мен жыр мүшәйраларында бірнеше мәрте топ жарып, жүлделі орындарға ие болған. Ол түрлі әдеби байқаулардың лауреаты атанып, арнайы марапаттармен наградталған. Атап айтқанда, республикалық ақындар айтысында жүлдегер атанып, бірнеше рет бас жүлде иеленген. Сонымен қатар, мәдениет саласына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен құрмет грамоталарына ие болған. Оның шығармалары республикалық басылымдарда жарық көріп, әдеби жинақтарға енген.Ақын шығармаларында туған жерге деген сүйіспеншілік ерекше орын алады. Отырардың тарихы мен рухы оның жырларында айқын көрініс табады. Ол тек ақын ғана емес, туған елдің сөзін сөйлеген, халықтың мұңын жеткізген рухани тұлға.Бүгінде Әселхан Қалыбекованың ізін жалғап келе жатқан ұрпақтары бар. Немерелері де жырға жақын, сөз өнеріне бейім болып өсіп келеді. Олар толғау айтып, әжесінің сенімін арқалап, ұлттық өнердің жалғастырушысы ретінде қалыптасып келеді. Бұл ақын мұрасының үзілмей, келер ұрпаққа жетіп жатқандығының айқын дәлелі.Әселхан Қалыбекова - Отырардың мақтанышы, қазақ сөз өнерінің қайсар өкілі. Оның өмірі мен шығармашылығы елге адал қызмет етудің, шындықты айтудан тайынбаудың жарқын үлгісі.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Такура Асхан 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)