Қазақ руханияты тағы бір алып тұлғасынан айырылды. Уақыт заңына ешкім қарсы тұра алмағанымен, кейбір адамдардың есімі жүректерде мәңгі сақталады. Солардың бірі ақын, қоғам қайраткері, шындықтың туын жықпаған қайсар тұлға Мұхтар Шаханов. Ол көзден кетсе де, көңілден кетпейтін, халық жадында мәңгі қалатын тұлға.Мұхтар Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының топырағында дүниеге келген. Бұл киелі өңірден шыққан ол бала күнінен-ақ сөз өнеріне жақын болып өсті. Кейін өзінің табиғи дарыны мен табандылығының арқасында қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілді. Оның өлеңдері құр әсем сөз емес, ұлттың жаны, халықтың мұңы мен үні болды.
Ақынның шығармашылығы әрдайым шындықпен үндесіп жатты. Ол тек жыр жазып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, әділетсіздікке қарсы тұрды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты шындықты айтуда Мұхтар Шахановтың еңбегі ерекше. Сол кезеңде ол жасырылған ақиқатты көтеріп, қазақ жастарының намысын қорғаған санаулы азаматтардың бірі болды. Бұл оның тек ақын ғана емес, нағыз азамат екенін дәлелдейді.Шахановтың еңбектері әрдайым жоғары бағаланғанымен, кей тұста оның батыл ойлары мен шындықты тіке айтуы түрлі пікірталастарға себеп болды. Кейбір еңбектері әділ бағасын дер кезінде ала алмады, тіпті қоғамда түсінбеушілікке де ұшырады. Бірақ уақыт өте келе, оның айтқан ойларының дұрыстығы дәлелденіп, шығармалары халықтың рухани қазынасына айналды.Ол тек ақын емес, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде де елге қызмет етті. Қазақстан Республикасының Парламентінде депутат болып, тіл, руханият, ұлттық құндылықтар мәселесін көтерді. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде де қазақтың атын танытып, мәдениет пен әдебиеттің дамуына үлес қосты.Мен үшін Мұхтар Шаханов тек тарихи тұлға ғана емес, жерлесім. Отырар ауданының тумасы ретінде оның өмір жолы бізге ерекше жақын. Бір топырақтан түлеп ұшқан азаматтың осындай биікке көтерілуі біз үшін мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік. Оның өмірі әрбір жасқа үлгі, әрбір қазаққа бағыт-бағдар.Бүгінде ол арамызда болмаса да, оның сөзі, ойы, рухы бізбен бірге. Ақынның өлеңдері мен еңбектері әлі талай ұрпаққа қызмет етері анық. Себебі шынайы өнер мен шындық ешқашан өлмейді.Көзден кетсе де, көңілден кетпес Мұхтар Шаханов қазақ халқының жүрегінде мәңгі жасайтын тұлға. Оның есімі тарих бетінде алтын әріппен жазылып, ұрпақ жадында сақтала береді.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Такура Асхан

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі