Мұхтар Шаханов-рух пен ардың ақыны - Султанова Аружан

Мұхтар Шаханов-қазақ поэзиясында өзіндік орны бар,рухани құндылықтарды биік қойған ақындардың бірі.Оның шығармашылығы терең ойымен,өткір шындығымен және адамгершілікке негізделген ұстанымымен ерекшеленеді.Шаханов поэзиясы-тек көркем сөз ғана емес, ол адамның ішкі әлемін тәрбиелейтін,ар-ожданын оятатын рухани күш.

Ақын жырларындағы негізгі тақырыптардың бірі-рух мәселесі. Шаханов үшін рух-адамның тірегі,оның өмірдегі бағыт-бағдарын айқындайтын күш.Ол өз шығармаларында рухы мықты,жігерлі,биік мақсатқа ұмтылатын тұлғаны үлгі етеді.Ақынның ойынша,рухани әлсіздік-адамды адастыратын,қоғамды тоқырауға әкелетін басты себептердің бірі.Сондықтан оның өлеңдері оқырманды рухани сергектікке,өз-өзін дамытуға шақырады.Сонымен қатар,ар ұғымы ақын шығармашылығының өзегіне айналған.Ар-адам бойындағы ең асыл қасиет,ол адамды дұрыс жолдан тайдырмайтын ішкі өлшем.Шаханов өз жырларында ар тазалығын,адалдық пен әділдікті жоғары қояды.Ол ардан аттау-тек жеке адамның емес,бүкіл қоғамның құлдырауына алып келетінін ескертеді.Ақынның бұл ойлары бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Шахановтың ерекшелігі-ол күрделі мәселелерді қарапайым әрі әсерлі тілмен жеткізе біледі.Оның әрбір өлеңі терең мағынаға ие, оқырманды ойландыруға, өзін-өзі тануға жетелейді.Ақын тек сынап қана қоймай, адамзатқа дұрыс бағыт көрсетуді мақсат етеді.Бұл-оның шығармашылығын ерекше құнды ететін қасиет.Бүгінгі қоғамда материалдық құндылықтар алдыңғы орынға шығып,-рухани мәселелер кейде екінші кезекке қойылып жатады.Осындай кезеңде Шаханов сынды ақындардың еңбегі аса маңызды.Олар адамға өмірдің шынайы мәнін түсіндіріп,ар мен рухтың қадірін ұғындырады.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз