Саясат – қоғамды басқаруға, мемлекет ішіндегі және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттеуге бағытталған жүйе. Ол билікке қатысты шешімдер қабылдау, заң шығару, елдің дамуын жоспарлау сияқты маңызды үдерістерді қамтиды. Бұл жүйеде мемлекеттің басты тірегі – халық. Еліміз демократиялық мемлекет болғандықтан, билік халықтың еркімен қалыптасады.
Соған қарамастан бүгінде ел болашағына бейжай қарамайды деген жастардың өзі саясаттан бойын аулақ ұстайтыны байқалады. Соңғы статистикалық деректер де осыны көрсетеді. Мәселен, 18–24 жас аралығындағы жастардың шамамен 28 пайызы саяси жүйеге сенбейді. 25–29 жас аралығында бұл көрсеткіш 33 пайызды құрайды. Ал 30–35 жас аралығындағы азаматтардың 44 пайызы саясатқа сенімсіздік білдіреді. Бұл саясатқа деген сенімнің әлсірегенін аңғартады. Неліктен жастар саяси өмірге белсенді араласпайды? Оған бірнеше себеп болуы мүмкін.
Бірінші себеп – өз дауысының әсеріне күмәндану.
Кейбір жастар сайлау немесе мемлекеттік шешімдер өз өміріне әсер етсе де, жеке дауысының өзгеріс әкелетініне сенбейді. Сондықтан қоғамдық-саяси процестерге қатысудың мәні жоқ деп ойлауы мүмкін.
Екінші себеп – ақпараттың шамадан тыс көптігі.
Қазіргі жастар жаңалықты көбіне TikTok, Instagram, YouTube сияқты әлеуметтік платформалардан алады. Әртүрлі әрі қарама-қайшы пікірлерді көргенде кімге сенерін анықтау қиынға соғады. Мұндай жағдайда кейбіреулер саяси мәселелерден алшақ жүргенді жөн көреді.
Үшінші себеп – саясатты тек тәжірибелі адамдардың ісі деп қабылдау.
Кейбір жастар саясатқа араласу үшін үлкен тәжірибе немесе белгілі бір мәртебе қажет деп ойлайды. Осы түсінік олардың белсенділік танытуына кедергі келтіреді.Жастардың саясатқа деген сенімсіздігі қоғамдағы түрлі жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Жас буын сөзден гөрі нақты нәтижеге мән береді. Әділдік пен ашықтық сақталмаған жағдайда олардың күмәні күшейе түседі. Ал орындалған уәде, әділ шешім және жастар пікірінің ескерілуі қоғамдағы сенімді нығайта алады.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Хамит Фариза
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
-
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі