Әр адам бақыт ұғымын әртүрлі түсінеді. Біреу үшін бақыт – байлық пен атақ болса, енді біреу үшін – денсаулық пен тыныш өмір. Демек, “бақыт деген не?” деген сұраққа бір ғана нақты жауап беру мүмкін емес. Дегенмен, бақыт – баршаға ортақ ең қымбат құндылық.
Бақытты тек бір нәрседен іздеу қате. Ол – өмірдің әр сәтінде жасырынған сезім. Көп жағдайда біз үлкен жетістіктерді күтумен болып, қарапайым қуаныштарды байқамай қаламыз. Ал шын мәнінде, әр атқан таң, жақындарымыздың амандығы, айналамыздағы әсемдік – бәрі де бақыттың көрінісі.
Менің ойымша, бақытты екі түрлі жолмен сезінуге болады. Біріншісі – көру арқылы. Яғни, көзімізбен көретін дүниелер: ата-анамыздың жанымызда болуы, бауырларымыздың амандығы, табиғаттың сұлулығы – мұның бәрі бізге шынайы қуаныш сыйлайды. Екіншісі – есту арқылы. Жылы сөз есту, біреуге жақсы тілек айту, жақын адамның даусын есту – адамның жанын жылытып, бақыт сезімін оятады.
Адамдардан “ең бақытты кезіңіз қай уақыт?” деп сұрасаң, көпшілігі балалық шақты еске алады. Себебі ол – уайымсыз, таза көңілмен өткен кезең.
Қорытындылай келе, бақыт – сырттан іздейтін дүние емес, ол адамның ішкі әлемінен басталады. Барға шүкір етіп, әр сәттің қадірін білу – нағыз бақыттың кілті. Әр адам өз бақытының авторы. Сондықтан оны алыстан емес, өз жүрегінен іздеуі керек.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі