1957 жылы құрылған Алматы технологиялық университеті (АТУ) бүгінгі таңда тағам өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, инжиниринг және IT, экономика және бизнес, туризм, сервис индустриясы және қонақжайлылық салалары бойынша білікті мамандар даярлайтын Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет білім берумен қатар, тұрақты даму қағидаттарын оқу үдерісіне енгізуге ерекше көңіл бөледі.
2025 жылдың 19-20 наурыз күндері Алматы технологиялық университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-кәсіби персоналға арналған тұрақты дамудың экологиялық және әлеуметтік аспектілері бойынша жыл сайынғы міндетті тренингтер өткізілді.
Алғашқы күні, яғни 19 наурызда өткен экологиялық бағыттағы тренинг барысында қатысушылар экологиялық тұрақтылықтың негізгі мәселелерімен танысты. Атап айтқанда, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және күнделікті қызметте экологиялық жауапкершілікті арттыру жолдары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, тұрақты даму қағидаттарын білім беру және кәсіби қызметке енгізудің тиімді тәсілдері қарастырылды.
20 наурыз күні өткен әлеуметтік аспектілерге арналған тренингте қатысушылар тұрақты дамудың әлеуметтік бағыттары туралы өзекті білім алды. Іс-шара барысында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру, әлеуметтік өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ қызметкерлер мен студенттер арасындағы тиімді қарым-қатынасты дамыту мәселелері қозғалды.
Екі тренинг те жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті және нақты кейстерді талқылауға қатысты. Бұл өз кезегінде алынған білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Аталған тренингтерді жыл сайын өткізу университет қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін жүйелі түрде дамытуға, заманауи талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Алматы технологиялық университетінде өткізілетін мұндай шаралар оқу орнының тұрақты дамуын нығайтып қана қоймай, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары заманауи мамандарды даярлауға зор ықпал етеді.
Мақала авторлары: Нұрболқызы Альмира, Сейтмахан Аяжан, Орманбек Тасқын
Тексерген: «Мемлекет және шет тілдері» кафедрасының сеньор лекторы Абдуллаева Айнұр Аскаровна
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі