Өлең, жыр, ақындар

Жастар және кітап оқу

    Соңғы жылдары жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы туралы түрлі зерттеулер жүргізіліп келеді. Ғалымдардың пікірінше, кітап оқу адамның интеллектуалдық дамуына айтарлықтай әсер етеді.

National Endowment for the Arts ұйымының зерттеуінде кітапты тұрақты оқитын адамдардың сөздік қоры кең болатыны және олардың мәтінді түсіну қабілеті жоғары екені көрсетілген. Сонымен қатар кітап оқу сыни ойлау қабілетін дамытуға да көмектеседі. Тағы бір зерттеуді University of Sussex ғалымдары жүргізген. Нәтижесіне сәйкес, небәрі 6 минут кітап оқу адамның стресс деңгейін шамамен 60–68 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Бұл кітаптың адамның психологиялық жағдайына да оң әсер ететінін дәлелдейді.

Кейбір педагогтардың пікірінше, кітап оқитын оқушылардың оқу үлгерімі де жоғары болады. Әдеби шығармаларды оқу арқылы жастар жаңа сөздер үйреніп, өз ойын анық әрі жүйелі жеткізуге дағдыланады. Сонымен қатар кітаптар тарихи оқиғалар, мәдениет және ғылым туралы білім алуға мүмкіндік береді. Сарапшылар қазіргі уақытта электронды кітаптар мен аудиокітаптардың кең таралуы жастардың кітапқа қолжетімділігін арттырғанын айтады. Соның арқасында көптеген адамдар кітапты смартфон немесе планшет арқылы оқи алады.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Кеңес Диана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз