Студенттік өмір және уақытты тиімді пайдалану

Кіріспе

Студенттік өмір – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жауапкершілікке толы ерекше кезең. Бұл уақыт әр адамның болашағына тікелей әсер ететін маңызды сатылардың бірі болып табылады. Студент тек білім алып қана қоймай, өз уақытын басқаруды, дұрыс шешім қабылдауды және өз-өзін дамытуды үйренеді. Уақытты тиімді пайдалану – табысты студент болудың негізгі шарттарының бірі.

 Негізгі бөлім

Қазіргі таңда мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-де білім алудамын. Университет өмірі мектеппен салыстырғанда әлдеқайда еркін әрі жауапкершілігі жоғары. Әр студент өз оқуына өзі жауап береді, сондықтан уақытты дұрыс жоспарлау өте маңызды рөл атқарады.

Алғашқы кезде жаңа ортаға бейімделу оңай болған жоқ. Сабақ кестесі, өздік жұмыстар, түрлі тапсырмалар кейде бір-біріне сәйкес келмей, уақыт тапшылығы сезілетін. Бірақ біртіндеп күн тәртібін құруды үйреніп, өз уақытымды тиімді пайдалануға дағдылана бастадым. Қай уақытта сабақ оқитынымды, қашан демалатынымды нақты белгілеген соң, күнделікті іс-әрекеттерім жүйелене түсті.

Уақытты тиімді пайдалану тек оқу үлгеріміне ғана емес, жалпы өмір сапасына да әсер етеді. Егер студент өз уақытын дұрыс ұйымдастыра алса, ол тек сабағына ғана емес, басқа да пайдалы істерге үлгере алады. Мысалы, бос уақытта кітап оқу, спортпен айналысу немесе өзін-өзі дамытуға бағытталған істермен шұғылдану өте маңызды.

Сонымен қатар, студенттік өмір тек оқумен ғана шектелмейді. Демалыс пен мәдени даму да маңызды рөл атқарады. Жақында мен театрға барып, «Жусан иісі» спектаклін тамашаладым. Бұған дейін театрға соңғы рет мектеп кезінде барған едім, сондықтан бұл мен үшін ерекше әсер қалдырды. Спектакльдің мазмұны мен актерлердің шеберлігі маған қатты ұнады. Осындай мәдени іс-шаралар студенттің ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына ықпал етеді.

Менің байқағаным – әр студент өз уақытына өзі жауапты. Кейбір достарым қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, түрлі ұйымдарда өзін көрсетіп жүр. Ал мен қазіргі уақытта негізгі назарымды оқуыма аударып жүрмін. Дегенмен, олардың белсенділігі маған да мотивация береді. Болашақта мен де өзімді әртүрлі бағытта сынап көргім келеді.

Жалпы, уақытты дұрыс пайдалану – бұл тек жоспар құру ғана емес, сонымен қатар тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру. Уақытын бағалай білген адам өз мақсатына бір қадам жақындай түседі.
Қорытындылай келе, студенттік өмір – уақытты тиімді пайдалануды үйрететін маңызды кезең. Уақытты дұрыс жоспарлау арқылы студент тек жақсы білім алып қана қоймай, өз болашағын да қалыптастырады. Әрбір студент өз уақытын бағалап, оны пайдалы істерге жұмсай білсе, ол міндетті түрде жетістікке жетеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің логистика мамамандығының 1 курс студенті-Мұзартбай Шыңғыс

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті-Джолдыбаева У. М


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз