Студенттік өмір – әр адам өміріндегі қиыншылығымен, қызықтылығымен есте қалатын кезең. Төрт жылы төрт күн секілді көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Студент болғаннан кейін қарнынның аш болатын, ал шәкіртақы алған кезде тоқ болатын кездерін болады. «Профессор», «лекция», «стипендия», «конференция», «рубежка», «семестр» терминдерімен танысасың. Алғашқы күндері аудиторияларды іздеп университет ішінде шарқ ұрасың. Мектептегі «математика», «физика», «химия» деген пәндерді ұмытасың. Тек өзіңнің болашақ мамандығына қатысты пәндермен ғана білімінді жалғастырасың. Семестр кезінде сабаққа келмей баға қояр алдында мұғалімнің артынан жүгіріп, бір күн ішінде тапсырламаларды тапсырасың. Лекция қызықсыз болса соңғы партаға отырып, зеріккеннен ұйықтап кететін кездерінде болады. Студенттік өмір осындайларымен қызық.
Менде басқа студенттер секілді қарапайым студентпін. Олардан не артықшылығым, не кемшілігім жоқ. Күнде сабаққа барып, сабақтан қайтып, өзіме жүктелген міндеттерді дер кезінде орындаймын. Басқа студенттерден ешқандай ерекшелігім жоқ. Ал студенттік өміріме келетін болсам менің студенттік өмірім керемет өтуде. Әттегені, сол қызықты күндер тез өтуде. Міне биыл үшінші жыл. Бір жылдан аса уақыт қана қалды. Иә, студенттік өмірдің қиың кездері де болады ғой, бірақ та олар уақытша ғана.
Тақырыпқа қарай ауысайық. Үлгілі студенттің біркүндік өмірі. Студенттің әр күні қызықты. Менің бір күнім қызық бола ме екен? Оқып көрейік.
06.30-06.45. Оятқыштың дауысы. Ұйқым толық ашылмаса да «Айдана тұр» деп өзіме айтамын. Кейін бүгінгі толық бір күнімді жоспарлауға кірісемін. Төсектен тұрып, орнымды жинап, киіне бастаймын.
06.45-07.00. Таңғы жаттығу. Негізі мектеп кездерінде жаттығу жасаған мүлдем ұнамайтын. Бірақ студент болғаннан кейін қажет бола бастады. Себебі жаттығу жасау арқылы іштегі күйзелісті жоюға болады екенін түсіндім. Жаттығу күніңіздің жақсы өтуіне өз пайдасын тигізеді. Жаттығуға шамамен 15 минутымды арнаймын. Сізге де жеткілікті деп ойлаймын.
07.00-07.25. Жуыну процессі. Қыз болғаннан кейін сәндену, әрлену процесі де бар.
07.25-07.45. Таңғы ас. Негізі таңғы асты міндетті түрде тойып ішу керек екен. Таңғы асқа иммунитетті көтеруде түрлі түрлі дәрумендерге толы жемістерді, көмірсуға, ақуызға бай тағамдарды жеуге тырысамын. Көкеністерде пайдалы. Бірақ өзіме ұнамайды. Сол себептен менің мәзірімде көкеністер шамалы ғана. Тәттілерді өзімді еркелеткен кездерде ғана қабылдаймын.
07.45-08.20. Кітап оқу немесе үй тапсырмаларын қайталау. Таңертең кітап оқығанды жақсы көремін. Деректерге сүйенсек, адам есте сақтау қабілетіне қарай кештен гөрі таңертең ақпаратты есіне көп сақтайды екен. Сондықтан үй тапсырмаларыңызды таңертең қайталап алсаңыздар өздеріңізге жақсы. Ал кітап оқуға келетін болсақ, кітап адамның ойлау, еске сақтау қабілетін дамытады. Сондықтан кітапты көп оқиық. Білімді болайық.
08.20-08.50. Университетке бару. Оқуға қоғамдық көліктермен барамын. Кей кездерде үш төрт аялдамадан бұрын түсіп, жаяу баруды қалаймын. Кітап оқу сияқты жаяу жүру кітап оқудан екі есе пайдалы. Себебі жаяу жүру сіздің денсаулығыңызды көтеруде өз жәрдемін көрсетеді.
09.00-13.00. Түскі ас. Асханаға тамақтануға барғанда майлы, тез жасалынатын фаст-фуд, асқазан тез қорыта алмайтын өнімдерден мүлдем бас тартамын.
13.00-14.00. Үйге қайтпастан бұрын саябақтарда серуендегенді қатты жақсы көремін. Серуендегенде өте пайдалы. Неге екенін білмеймін бірақ демалыс орындарында отырғанда бойыма өзінен-өзі шабыт келгендей болып өз ойынды күнделікке жаза бастайсың.
14.00-16.00. Бұл уақыт үйге берілген тапсырмаларды орындауға арналады. Өзіме берілген жұмысты өз уақытынан бұрын ерте тапсырғанды жақсы көргендіктен бәрін өз уақытымен болғанын қалаймын. Өз уақытымен жүретін адаммын.
16.00-17.30. Осы уақыттарда Павлодар қаласындағы Жастар орталығының еріктісі ретінде көмекке мұқтаж жандарға көмектесуге асығамын, кей кездерде үйде үй шаруасымен айналысамын.
17.30-18.00. Кешкі ас уақыты. Сағат 6 дан кейін тамақтанбаймын. Жоқ, диета емес. Негізі мұны салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану деп есептеймін.
18.00-23.00. Өзімнің хоббиіммен айналысу. Оған: кітап оқуды, музыка тыңдауды, кино көруді, таза ауада серуендеуді, сабақ карауды, достарыммен бірге уақыт өткізуді жатқыза аламын.
23.00. Ұйықтау. Әр ұйықтар алдында ертеңгі күнімнің жақсы өтуін құдайдан тілеймін. Жалпы әр адам орта есеппен санағанда 24 сағатының шамамен 6-7 сағатын ұйқыға бөлуі керек екен. Сол себептен осы уақытпен ұйықтауға тырысамын.
Міне, бұл менің біркүндік студенттік өмірім. Басқа адамдардан, басқа студенттерден ешқандай айырмашылығым жоқ. Қарапайым қызбын. Өз-өзіме сенімдімін, қиындыққа берілмеймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі