
Биыл қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл мерейтой – тек өткенді еске алу емес, болашаққа бағытталған рухани серпіліс, ұлттың өз тамырына қайта үңіліп, жаңа биіктерге ұмтылуға мүмкіндік берген маңызды тарихи белес.
Мерейтой аясында Абай ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері ф.ғ.к., доцент Мұсалы Л.Ж., ф.ғ.м., аға оқытушы Даутова Б.Д. және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының (батыс тілдері) 2-курс докторанттары Шайманов А.С., Бүркітбаева Ж.М. және Сейсебаев А.Ж. «Абай ілімі» пәнінен «Аударма ісі (батыс тілдері)» мамандығының 1-курс студенттеріне «Абай ілімі және қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымының аудармадағы көрінісі» атты ашық сабақ ұйымдастырды.
Сабақ барысында студенттер Абайдың қара сөздерін қазақтың дәстүрлі дүниетанымымен байланыстыра талқылап, олардың орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларында көрініс табуын зерттеді. К. Серикбаева, Ю. Кузнецов, Р. Маккейн, Е. Жұмағұл және С. Гейган аудармалары талданды. Тікелей және сатылы аударма үдерісінде кездесетін мәдени және тілдік кедергілер қарастырылып, студенттерге аударма тәжірибесінде ерекше мән беруге тиіс аспектілер түсіндірілді.
Презентация, талқылау, пікір алмасу, сұрақ-жауап сияқты интерактивті әдістер қолданылып, студенттердің белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Сабақта Аскербек А., Сәдетбек Г., Абзалбекова А., Айтбек С. және Али Ж. өз ойларын жүйелі жеткізіп, ерекше белсенділік танытты.
Шараның басты мақсаты – жастардың бойына Абай ілімінің рухын сіңіріп, ұлттық сана мен мәдени мұраға деген құрмет сезімін күшейту болды.
Абайдың ұлағаты – мәңгілік. Оның ойлары мен өлеңдері ұлттың рухани даму бағдаршамы іспетті. 180 жылдық мерейтой – ел руханиятын жаңғыртудың, ұрпақ сабақтастығын нығайтудың және Абай әлемін жаңа көзқараспен танудың нышаны болып отыр.
ф.ғ.к., доцент Мұсалы Л.Ж.,
ф.ғ.м., аға оқытушы Даутова Б.Д.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі