Мұхтар Шаханов – ұлт руханиятының жаршысы - Тұрсынтай Ерасыл 

    Мұхтар Шаханов – қазақ халқының көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, дипломат әрі ұлт мүддесін қорғауда батыл үн көтерген тұлғалардың бірі. Ол 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шаханов шығармашылығы терең философиялық ойларымен, ұлттық құндылықтарды дәріптеуімен ерекшеленеді.

Ақынның әдебиетке қосқан үлесі зор. Оның «Отырар дастаны», «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» сияқты шығармалары тек қазақ оқырмандары ғана емес, шетелдік аудитория тарапынан да жоғары бағаланған. Мұхтар Шаханов поэзиясында адамзаттық құндылықтар, рухани тазалық, тарихи жады мәселелері кеңінен көрініс табады.

Тарихта қалған маңызды оқиғалардың бірі – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Осы оқиғадан кейін Мұхтар Шаханов шындықты ашық айтып, Желтоқсан шындығын зерттеу комиссиясында белсенді жұмыс атқарды. Ол қазақ жастарының әділдігін қорғап, олардың тағдырын халыққа жеткізуге үлкен еңбек сіңірді. Сонымен қатар, Мұхтар Шаханов Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып, мемлекетаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосты. Оның қоғамдық қызметі әрдайым елдің рухани дамуына бағытталған.

Кеше кешкісін ұлт руханиятын көтеріп жүрген көрнектіақынымыз Мұхтар Шаханов дүниеден озды деген суықхабар тарады. Бұл қаралы жаңалық қалыңжұртшылықтың қабырғасын қайыстырып, ел ішіндеүлкен қайғы тудырды. Қазақ әдебиеті мен руханиятыүшін орны толмас ауыр қаза ретінде бағалануда. Мұхтар Шаханов – қазақ халқының рухани дамуына зор үлес қосқан, тарихи шындықты қорғауда батылдық танытқан ірі тұлға. Оның шығармалары мен еңбектеріұлт жадында мәңгі сақталады.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Тұрсынтай Ерасыл


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз