Бейсен Құранбек – қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, халықтың жүрегінен орын алған тұлға. Ол әрдайым елмен етене жақын болып, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере білді. Журналист ретінде атақ қууды емес, халықтың мұң-мұқтажын жеткізуді басты мақсат етті. Сол себепті көпшілік оны ерекше құрметтеп, шынайы жанашыр азамат ретінде таныды.
Ол қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған азамат болды. Әрбір кейіпкерге адам ретінде қарап, олардың тағдырына бейжай қарамады. Оның жүрегінің кеңдігі мен мейірімділігі әрбір ісінен көрініс тапты. Сондықтан көрермен оны тек тележүргізуші ретінде емес, халықтың жанашыры ретінде қабылдады.
Бейсен Құранбектің өмір жолы – жастар үшін үлкен үлгі. Еңбекқорлық, адалдық және қарапайымдылық секілді қасиеттері кез келген адамға өнеге бола алады. Ол өз кәсібіне шын берілген, жауапкершілігі жоғары маман болды.
Өмірі қысқа болса да, жарқын із қалдырған тұлға ретінде есте қалды. Көптеген жандарға қолдау көрсетіп, олардың өміріне оң өзгеріс әкелуге себеп болды. Отбасылық құндылықтарды да жоғары бағалап, өмірде өз ұстанымына берік болды. Осындай тұлғалардың еңбегін ұмытпау – кейінгі ұрпақтың парызы. Бейсен Құрамбек – халқына адал қызмет еткен, ел жадында мәңгі сақталатын ерекше тұлға.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Арысбай Нұрай
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі