Өлмейтіндер өлді деуге келмейтіндер… - Кеген Айнара

    Тұлға болу оңай емес. Тұлға — ол қоғамға пайдасын тигізіп, өз жанынан елінің жанын биік қоятын жан. Тұлға боламын десең, ең алдымен нағыз патриот болуың керек. Осы орайда қазақтың жеке дара тұлғасы болған жан — Мұхтар Шаханов.

Қазақ жұртының қабырғасы қайысты. Қазақ Мұхтарынан айырылды. Қазақ баласының рухының ешқашан мұқалмайтынын Кремльде үш минутта дәлелдеген қазақтың дарасы, аңыз адам, ғасыр адамы Мұхтар Шаханов дүниеден озды (02.07.1942–19.04.2026). Мұхтар Шаханов — қазақ тілінің жанашыры, ҚР-ның беделді Халық жазушысы, әрі ақыны. Мұхтар Шаханов тек қана бір саланың жаны емес, ол кісі көп саланың майталманы болды десем артық айтпаспын. Батылдығы мен ержүрек қайсарлығы барша жұртқа мәлім. 1989 жылы Кремльдегі жиналыстағы әрекетін білмеу мүмкін емес. Арал мәселесін айтудың орнына, бүкіл қазақтың көз жасына айналған «Желтоқсан-1986» оқиғасында болған бар ащы шындықты жайып салған болатын. Сол әрекетінен кейін қазақ халқының тұғырының биік екендігін дәлелдеді. Шынында, қазақ тілінің жеке дара мемлекеттік мәртебе алуының бірден-бір себепкері — Мұхтар Шаханов.

Мұхтар Шахановтың ақындық қасиеті де бөлек болды. Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовпен бірге қазақ өнерінен кетпейтін туындыларды жарыққа шығарды. Мысалы «Арыс жағасында», «Арқалықтың ақ таңы», «Кешікпей келем деп ең» әндері қанша жыл өтсе де халық жадынан өшкен емес. Қаншама әуезді әндердің сөзі Мұхтар Шахановтың қаламынан шыққан.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Кеген Айнара 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Айдана

Өте әсерлі жазбалардың бірі.

БЕКОШ

Нәнөш маладес😍💋

Пікір қалдырыңыз