Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – менің арманымдағы білім ордасы. Қазіргі таңда мен осы университеттің логистика мамандығы бойынша 1-курс студентімін. Алматы қаласында тұрамын және дәл осы оқу орнын таңдауыма бірнеше себеп болды. Ең алдымен, менің әкем логистика саласының маманы болғандықтан, бала кезден осы мамандыққа қызығушылығым оянды. Оның жұмысы арқылы логистиканың қаншалықты маңызды әрі жауапты сала екенін түсіндім. Сондықтан мен әкемнің жолын жалғастырып, осы бағытта кәсіби білім алуды мақсат еттім.
Мен ҚазҰУ-ды таңдадым, себебі бұл университет Қазақстандағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Әсіресе логистика мамандығы жақсы дамыған. Университетте заманауи оқу бағдарламалары, тәжірибелі оқытушылар және студенттердің кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік беретін жағдайлар бар. Логистика – қазіргі заманда өте сұранысқа ие сала. Тауар тасымалдау, қойма жүйесі, жеткізу тізбегі, халықаралық сауда сияқты көптеген маңызды бағыттар логистикамен байланысты. Осы себептен мен бұл мамандықты болашағы зор деп есептеймін.
ҚазҰУ-дың логистика саласындағы жетістіктері де мені қатты қызықтырды. Университетте студенттерге теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Түрлі жобалар, тәжірибелер, ғылыми жұмыстар арқылы біз логистика саласының нақты қырларын үйренеміз. Сонымен қатар, университеттің ірі компаниялармен байланысы студенттерге болашақта жұмыс табуға мүмкіндік береді. Бұл да мен үшін маңызды факторлардың бірі болды.
Менің мақсатым – логистика саласында білікті маман болу. Болашақта халықаралық деңгейде жұмыс істеп, еліміздің экономикасының дамуына өз үлесімді қосқым келеді. ҚазҰУ-да алған білімім осы мақсатқа жетуге көмектеседі деп сенемін. Сондықтан да мен үшін бұл университет – тек оқу орны ғана емес, арманымды жүзеге асыратын маңызды қадам. Осы білім ордасында оқып жүргеніме қуаныштымын және болашақта үлкен жетістіктерге жетемін деп үміттенемін.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің логистика мамамандығының 1 курс студенті-Таукешова Назым
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті-Джолдыбаева У. М
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі