ҚазҰУ - ғылым мен білім орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең беделді әрі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университет көптеген жастардың арманына айналған білім ордасы. ҚазҰУ тек сапалы білім беріп қана қоймай, студенттердің жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік жасайды. Мұнда білім алған жастар болашақта өз саласының білікті мамандары болып қалыптасады.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір өте белсенді және қызықты. Университетте түрлі мәдени шаралар, ғылыми конференциялар, дебаттар, спорттық жарыстар мен шығармашылық кештер жиі өткізіледі. Студенттер ғылыми жобаларға қатысып, өз идеяларын жүзеге асыра алады. Сонымен қатар университетте көптеген студенттік ұйымдар мен клубтар жұмыс істейді. Бұл студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға көмектеседі.

ҚазҰУ-дың тағы бір маңызды ерекшелігі – ғылым мен инновацияның дамуы. Университетте көптеген ғылыми зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Студенттер ғылыммен айналысып, жаңа жобалар жасап, халықаралық конференцияларға қатыса алады. Мысалы, университетте халықаралық ғылыми конференциялар өткізіліп, ғалымдар өз зерттеулерін талқылайды.

Соңғы жылдары ҚазҰУ халықаралық деңгейде де үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Мысалы, университет QS World University Rankings 2025 рейтингінде 166-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш университеттің білім сапасының жоғары екенін көрсетеді.  

Сонымен қатар ҚазҰУ Times Higher Education Impact Rankings 2025 рейтингінде де жоғары орын алып, әлемдегі үздік университеттердің қатарына кірді. Бұл рейтинг университеттің тұрақты даму, ғылым және білім саласындағы жетістіктерін бағалайды.  

Бүгінде университетте 20 мыңнан астам студент білім алады және көптеген халықаралық студенттер де осында оқиды. Мұнда түрлі мамандықтар бар: экономика, журналистика, халықаралық қатынастар, биология, ақпараттық технологиялар, физика, құқық және басқа да көптеген бағыттар.  

Соңғы жылдары ҚазҰУ жаңа білім беру бағдарламаларын енгізіп, оқу бағдарламаларын жаңартуда. Журналистика, биотехнология, IT және халықаралық қатынастар сияқты бағыттарда жаңа бағдарламалар ашылып, студенттерге заманауи білім алуға мүмкіндік берілуде.  

Сонымен қатар университетте жыл сайын үздік студенттерге диплом тапсыру рәсімдері мен түрлі салтанатты шаралар өткізіледі. Мұндай іс-шаралар студенттердің еңбегін бағалап, олардың болашаққа деген мотивациясын арттырады.  

Қорытындылай келе, ҚазҰУ – тек білім алатын орын ғана емес, ол үлкен мүмкіндіктер мекені. Мұнда әр студент өз қабілетін дамытып, болашақ мамандығына сенімді қадам жасай алады. Сондықтан ҚазҰУ көптеген жастар үшін армандарын жүзеге асыратын ерекше университет болып табылады.
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студенті- Әбдібай Томирис Серікболқызы

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті , тарих ғылымдарының кандидаты У.М.Джолдыбаева


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз