Білім және ғылым министрі болудағы менің ұсыныстарым:
Біріншіден мен білім және ғылым министрі болсам бірінші кезекте мектепте сбақ береті едім себебі әрбір білім беру ұйымдары, башылық қызыметте жүрген білім бөлімдерінің қызметкерлері облыстық білім бөлімі, аудандық білім бөлімінің басшысы мектептерден сағат алып мамандығы бойынша сабақ беру. Менде Білім министірі болсам мектепте сабақ беретінімді ашық айттым. Мектептің ішкі жағдайын оқушылардын білім деңгейін ұстаздардың жұмысымен таныспаған басшы білім бөліміңде басшылық қызмет атқаруы сапасыз болатынын айттым. Сол кезде ғана әрбір Білім беру ұйымдары мектептің ішкі жағдайымен таныс болып ұтымды шешімдер қабылдайды.
Екіншіден педагогикалық жолды таңдаған талапкерлердің барлығын тегін яғни Грант негізінде оқуы Педагог мәртебесін көтеруіміз керек. Әрине ол кезде ҰБТ балынан ең азы 100 бал алу керектігі. Оқуға түскен студенттердің арасынан Шәкіртақыға конкурс ойнатылу керектігін айттым. Барлығына бірдей шәкіртақы беру мемлекет тарапынан қиынға соғады. Және атаулы университеттердің арнайы «Стипендия» жобасын жасауын ұсындым мысалға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеиіне «Дулати» стипендиясын тағайындау сол сияқты барлық атаулы университеттер стипендия конкурсын жасау керек екендігі туралы сөз қозғадым. Сонда ғана педагогикаға білімділер мен ұтқыр ойлы оқушылар тапсыратын еді.
Үшіншіден «Мамандыққа кіріспе» яғни педагогикаға қызығушылықты мектеп кезінен ашып мектеп бағдарламасына «Педагогикаға кіріспе» атты пәнді кіргізу керек. Мектеп кезінен педагогикаға қызыққан баладан креативті ұстаз шығады. Мектеп пен ата-анадан артық баланың қабілетін ешкім білмейді. Баланы педагогикаға мектеп жасынан қызықтыра білуіміз керек. Осылайша оқушыларды «Ұстаз» деген ұлы есімнің қатарына қоса аламыз.
Төртіншіден білім алушыларға «Тегін интернет» пакетін ұсыну бұл дегеніміз білім беретін мекемелер мен педагог студенттерге, оқушыларға тегін интернетті қолданысқа беру және интернет қуатын арттыру. Бұл балалардың кез келген жерде өздеріне қажетті білімді еркін алуға мүмкіндік туғызады. Қазіргі пандемия кезінде бұл үлкен көмек болар еді.
Бесіншіден тәрбиеге және ұлттық құндылықтарға басымдық беру. Әл-Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Яғни балаларға білімді тәрбиемен бірге екі ұғымды ұштастыра беру, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді балаларға қазақы тәрбиемен берсек балалардың бойына ұлттық иммунитетті сіңірте алсақ «Елін сүйген елі сүйген» тұлғалар патриоттар қалыптасып шығары сөзсіз.
Қорыта келе ұстаз ұлы есім «Алты алаштың баласы жиналса төр ұстаздікі деген» ұстаздық жолда тек білімділер болу керек. Біздің қайда тұрғанымыз емес қайда бағыт алғанымыз маңызды.Елбасымыз, президентіміз жасап берген жолды әрмен қарай дамыту сізбенен біздің қолымызда сол жолда сапалы білім алып елімізді дамыған жеті елдің қатарына енгізсек ұлы даламыз аспаны әрқашанда ашық бейбітшілікте болатыны анық. Міне мен «Қазақстан Республикасының Білім жене Ғылым Министірі» болсам деген тақырыпты осылай жеткіздім.
Тараз қаласы
М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
2-курс география мамандығы
Кенже Асылжан Досымжанұлы
Ғылыми жетекшілер: Бузаубакова К.Д
Бупетаева С.Ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі