Қазыбек бидің бес ұлының ортасында ерке өскен ақылды қызы Манқан Жалаңтөсті ұнатады. Қалмақ еліне барған сапарынан мінезіне қанық, батырды жақсы білетін Қазыбек би қызының теңін тапқанына ризашылық білдіреді. Манқан Жалаңтөстен Бәйгел, Берістен, Белтей, Серке деген төрт ұл көтереді.
Жалаңтөс Қанжығалы Бөгенбайды пір тұтқан. Баһадүрдің қасында жүріп сан жорықтарға қатысқан. Атақты Бұланты шайқасында көзге түскен. Жас батырларды тәрбиелеп, маңына шоғырландыра білген.
Бір жылы Сарыарқаны емін-еркін билеп-төстеуді арман еткен қалың қалмақ Қарағанды төңірегін басып алуға күш жұмсайды. Жауға Түйте, Жарылғап, Керей Есей, Құлық Жалаңтөс, Әлтеке Жидебай, Төлеңгіт Қасабай, Қожағұл Торақ, Тобықты Байзақ бастаған батырлар қарсы шабуылға шығады.
Осы майдан төсінде Жалаңтөстің көзіне қалмақтың дәл атқан жебесі қадалады. Батыр көзіндегі жебені өзі суырып алады. Бірақ соғысты тоқтатпайды. Қазақ қолы жеңіске жетеді. Жалаңтөстің бір көзі шыққан өзенді жұрт бұдан былай «Соқыр өзені» дейтін болған.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі