Өлең, жыр, ақындар

Жауғаш батыр

Жоңғарларды бірлесе қуған қырғыздың Солто руынан шыққан Жорықтас дос-жарандарымен өзара қатынастары күшейіп, көрші қоныстанған екі ел қыз алысып, құда-жегжаттық, туысқандық байланыстары нығаяды. Жаз жайлауды бірге жайлап, тойларын, астарын бірге өткізетін болады.

Қалмақтардан құтылып, қытай менен қазақ та, қырғыз да жеке-жеке келісімге келіп, бейбіт тұрмыс құра бастағанда өзара шатақтасып, жер дауын желеу етіп, Талас пен ыстық көл жақтың қырғыздары қазақтың малын барымталап, ауылын шауып, басынып, көкіректері өсіп, елге тыныштық көрсетпейді.

Жоңғарлар басып алғанға дейінгі, яғни Салқам Жәңгір заманындағы, ағайындай араласа жайлаған жерлерге қырғыздар қазақтарды жақындатпайтын, Сарбағыш руының биі Есенқұл қазақтардан Іленің басын, үшаралды беруді талап етсе, Таластағы саяқтың Қаба руынан шыққан Садыр батыр Таластан Шымкентке дейінгі тау бөктерлеріне қазақтарды жо- латпай қойғанымен тұрмай, Таластың аяғын да Шолаққорған, Созаққа дейін шауып, қазақтарды Сырға қарай сырғытады. Осы өңірлердегі найман, қоңырат елдерін қатты күйзелтеді. Әсіресе, Жарас пен Қырбас батырлардың қайын жұрты, яғни Жауғаш пен Малыбайдың нағашылары өте ауыр жағдайға ұшырайды.

Жауғаш батыр Солто руының биі Жайлыға, оның інісі, өзінің досы Момоқанға барады. Жайыл: «Саған ешкім тимесе, басқаларды қайтесің, өздері келісіп алады да», — деп Садырға бермей қойыпты. Бұл кезде асып-тасыған Садыр, құдасы болса да, көнбейтінін біліп айтпаған. Жауғаш ренжіп, не істерін білмей шала бүлініп жүргенде, Садырдың сарбаздары Қарақыстақ арқылы келіп, Меркінің батысы мен Қорғаты бойындағы ботбайларды шабады. Ботбайлардың бұл аталары қайтадан Ілеге көшеді. Жәдік Медетбекті төрт-бес жасында қырғыздардың алып кетіп, Таластағы бір байдың бала етіп алғаны осы кезең...

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Ер Жауғаш


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер