Өлең, жыр, ақындар

Бөлек батыр

Қазақтың «аға өлсе, іні мұра» деген дәстүрі бойынша Бөлектің анасы қайнысы Қошқарға тұрмысқа шығады. Қошқар өзі бай, өзі батыр болған. Бөлек сол кісінің тәрбиесінде өсіп, әрі сымбатты, әрі қайратты, палуан денелі болып өседі. Ол ержетіп, жігіт жасына жеткенге дейін жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстап, аңшылық құру өнерін өзіне серік етіпті.

Болашақ қайын атасының ауылын жау шапқан үстінен түскен Бөлек қалындығы Болсынайдан жағдайды білген соң жақсы ат мініп, қолына шоқпар алып, жаудың соңынан қуып шығады. Жылқының ізін көреді. Жасырын артынан жүріп отырады. Елінің шетіне жеткен соң барымташылар өз тобынан төрт жылқышыны қалдырып, қалғандары үйді-үйлеріне тарайды. Мұны сыртынан бақылап жүрген Бөлек түн жарымында қиқу салып, жылқының бетін бері бұрып, айдай жөнеледі. Ұйқыдан шошып оянған жылқышылар жылқыны қууға батылдары жетпейді. Таң ата естерін жинаған жау жылқының соңынан қуып шығады. Бұл кезде жылқының алды ауылға келіп те қалған еді. Бөлек қуғыншыларды жолдан күтіп алып, жалғыз өзі ұрыс салады. Ақырында оларды жайратып салып, аттарын олжалап, жылқымен бірге қайын жұртына тарту етеді.

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Ер Жауғаш

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер