Өлең, жыр, ақындар

Жантайлақ батыр

Бірде Жантайлақ батыр мен Жантай батыр іргелес торғауыттан қарымта қайырып, көп жылқысын қуып әкетеді. Қайтар жолында Қалжыр өзені бойындағы тоған қазушыларға аялдайды. Қолғабыс көрсетіп айдап келе жатқан жылқысынан береді. Кейін сол тоған «Жантайлақтың теріс аққаны» аталып кетеді.

Осы көп жылқының хабары Қара Ертіс бойындағы Алдияр батырға жетеді. Мұның салдарынан торғауыттармен іргелес жатқан керейлерге де зәбірі тиюі мүмкін еді. Соны ойлап Алдияр батыр бір топ адамымен соңынан қуады. Мол олжаға кенелмек болады. Бөкенбай тауының күнбатыс етегінде қуып жетеді. Астында жойқын қаражорғасы, қолында ұзын найзасы бар Алдияр батыр өз адамдарынан ұзаңқырап шыққан бойында: «Ба-тыр болсаң, жеке шық!» — деп дауыстайды. Жантайлақтың қартайғанын ескеріп, Жантай батыр жекпе-жекке шығады. Ол өзінің қулығы мен айлакерлігіне салып, мінген атының екпінімен Алдиярға жақындай бере атының басын тежеп тұра қалып: «Батыр! Жекең жеке, ал артыңдағың не?» — дейді. Алдияр артына бұрылып қарай бергенде, Жантай батыр лып етіп шолақ найзасын сағағынан қадап жіберіп, атынан аударып түсіреді. Басқа қуғыншылар екі батырға қатты қарсылық көрсете алмайды.

Жантайлақ батыр қиын шақта төңіректеп, азулы жаулары- мен айқаса жүріп, елді босқындықтан құтқарудың бір жолы осы деп руластарын егіншілікке тартады. Жантайлақ батыр тұсында малын бағып, егінін салып отырған елдің шырқын ұранхайлар мен торғауыттар бұза береді. олардың басынғандығы соншалық — «Жантайлақ тұратын жерін айтсын, соғысамыз!» деп хабаршысын жіберді. Жантайлақ бұрыннан аралас- құралас болып жүрген, қысылғанда бір-біріне көмектесетін елге шапқыншысын жібереді. Бірақ ол жақ көмекке келмей қалады. Дегенмен Жантайлақ батыр серіктерімен әрқашанда жауларына тойтарыс беріп отырады.

Батырдың туған жерінде «Жантайлақ тоғаны», «Жантайлақ өткелі» деген жер атаулары қалған.

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Ер Жауғаш


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер