Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали Мақатаев шығармасының танымдық мәні

Мұқағали Мақатаев өз шығармасымен талайдың көңілінен орын таба білген-ақиық ақын. Мұқағали шығармаларында әр түрлі жанр қамтылады. Сол мұрасының ішінен «Мен-дағы өлең жазбаймын» өлеңі жаныма жақын тақырыптың бірі бола білді. Кез-келген адам өз өңірінен шыққан көрнекті тұлғамен қалай мақтанса мен де дәл солай жыр алыбы бола білген ақынның жерлесі екенімді мақтан тұтамын. Кішкентайымыздан ақын өлеңімен сусындап өскен жас ұрпақ үшін бұл үлкен мақтаныш деп ойлаймын. Өлкемізді өз шығармасына қосу арқылы Мұқағали атамыз өзінің ғана емес өлкеміздің де беделін көтере алды. Өз шығармаларында тек қана өлкемізді ғана жырлап қоймай небәрі 45 жыл ғұмырында қалам тартпаған тақырыбы кем де кем ақын бұрынғы Абай  жаққан сәулені жалғастырушы бола білді. Ақынның қай шығармасы болмасын оқырман көңілінен орын таба білетіні де жалған емес. Сол өлеңді оқыған кез-келген адамның шабыты оянып көкірегін жыр тербейді. Өз шығармасына осыншама құдіретті сидыра алған ақынға менде өз шығармамды арнауды артық көрмедім.

Жыр маржаны

Қарасаздан көтеріліп керегем,
Жыр маржанын ептеп теріп келем мен.
Мұқағали ауылының түлегі
Жыр жазбасам күнә болар егер мен.
Жыр маржанын ептеп теріп келем мен!

Бала бұлақ қайнардан жол бастайды,
Алмас жырға құрбан болар бас қайғы.
Күлдір-күлдір кісінетіп жыр жолын
Тұлпар ізін неге тайы баптайды?
Бала бұлақ қайнардан жол бастайды!

Аппақ ойды бесігіне бөлейін,
Қас тілекті жерге таптап көмейін.
Сезім үнін жайлап тербеп көрейін
Жыр жолынан өлең-қамшы өрейін.
Аппақ ойды бесігіне бөлейін!

Менің ақынға осындай өлең арнауым бекер емес. Кез-келген қазақ бұрынғы замандардан шешендікке бір қадам болсын жақын болған. Мен өзімді ақын санамасам да менің жүрек жарды арнауым ақын ізін жалғастырушы адам болуға деген бір үміттің бастамасы ғана деп ойлаймын. Кез-келген ақын болғысы келетін адам үшін белгілі бір тұлға өз үлесін қосады. Мейлі ол өлең болсын, мейлі жазба, мейлі оқиға болса да оның маңызы жоқ, ең бастысы ол нарсенің сол адамға қалай әсер ететіндігі. Мен өз өлеңімді жазбас бұрын ақын шығармашылығымен толық таныстым. Менде ең басында ақынға арнау жазамын деген ой мүлде болмады. Менің ойыма арнау жазу «Мен-дағы өлең жазбаймын» өлеңінің қысқаша мазмұнының әсер еткендігі. Абайдың ізін жалғастырып, бұрынғы сәулені жалғастырған ақынға неге арнау арнамасқа деген ой сол кезде келді. Сол ойдан туындаған шығармамның жалғасы мақалаға ұласты. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Бұл мен үшін үлкен бастама. Әр адам мектеп қабырғасынан көптеген ақын-жазушылардың шығармаларымен, өмірбаяндарымен немесе бастан өткен оқиғаларымен танысады. Жарыстарға барған да көбіне сол ақындардың шығармалары сол оқушының зерттеу тақырыбының негізгі идеясы болып табылады. Менің де зерттеу тақырыбыма бір емес бірнеше рет арқау болған ақын шығармашылығын дәріптеу мен үшін үлкен жетістік екенін тағы да қайталаймын.

Мұқағали Мақатаевтың бала күнінен көрген қиындықтары, оның қиындыққа толы өмір жолы кімді болсын бей-жай қалдырмасы сөзсіз. Ақынның өмір  жолының түрлі соқпағымен танысып, өлең жырын, поэзиясын, прозасын, түрлі поэмасын білудің өзі менің көптеген жетістіктеріме себепші болды. Адам өмірде мамандық және жар таңдаудан шатаспауы керек деген бұрыннан келе жатқан сөзге мән беріп қарасақ та менің өмірімдегі ең маңызды шешім қабылдауым мамандық таңдауыма да осы бір Мұқағалидан алған жетістіктерім себепші бола алды. Біріншіден, ақын өлеңін жаттап жүріп өзімнің өлең оқуға деген қабілетімді жақсарта алдым. Екіншіден, ақын шығармасымен танысып жүріп өзімнің ақындық қырымды аша алдым. Алдағы уақытта да аз ғана өмір сүрген ақын өлеңі жаныма серік болып тағы да көптеген жетістіктеріме себепші болатындығына күмәнім жоқ. Менің музам бола білген ақын менің ғана емес көптеген адамның қабілетіне, жетістігіне бастама бола білді, бола да береді деген ойдамын. Осындай тақырыпта қалам тартқандығым менің ақынға еліктеушілігім болар. Таным көкжиегіне жетелеген шығарма ермек үшін емес артына үлгі қалдыра білу үшін жазылғандығын ескерер болсақ, ол шығарма өз міндетін орындай алғандығы деп білемін. Жоғарыда айтқандай көптеген оқырманның жанына жақын бола білген шығарма болашақта да дәл осы сарында өз міндетін атқара береді.

Ақын өлгенмен оның бізге қалдырған мұрасы өлмейді, өшпейді, жоғалмайды. Керісінше өз жалғасын тауып, қоғамдағы көрнекті тұлғалардың қалыптасуына зор үлесін қоса бермек. Жаралы жүректердің емі бола білгенақын өлеңінің танымдық мәні зор. Оны толықтай ашу әрине қиын. Дегенмен бір шығарманың ауқымының мазмұнының кеңдігінің өзі көп дүниеден хабар беріп тұрғандығының айқын көрінісі. Іштегі жырын жасырмай ақ қағазға түсіріп бізге өшпес мұра қалдырған ақынның аманатына ие болған біздер жас ұрпақ екенімізді ескерсек ол мұраны жалғастыру бізге мұра бізге міндет екендігі айқын нарсе болып тұр. Бұл қозғалған мәселенің өзі ақын өлеңінің жаңа бір танымдық мәніне дәлел бола да білген сияқты. Абай үлгісімен жыр жазып, Абайдың тіл күшінен қуат алып, Абай жаққан сәулені өшірмей жалғастыру арқылы ақын өзін жоғары бағалауға жаңа себеп тауып беріп тұрғандай. Өзіне дейінгі қоғам белсендісі жыр алыбы бола білген кез-келген тұлғаны жоққа шығармай оларды да дәріптеуді бізге мысал етіп тұрғандай көрінеді өзіме. Бір шығарманың өзі  жан-жақты көзқарастармен толықтырылып, сол көзқарастардың біріккен туындысы да бола білген. Осындай әр сөзінің мәні бар, әр сөзінің мағынасы бар ақын өлеңінің оқырманға берері қаншама екендігін ойланып қараңызшы? Бұл сұраққа жауап беру арқылы да көптеген ойлар, көптеген пікірлер айтылады, бірі біріне ұқсаса енді бірі бұл оймен келіспей үлкен талқылауға бастама бола алатындығы сөзсіз. Ақын шығармасынан рух алатындар қаншама?! Өз өлеңінде сан алуан сезімді суреттеу арқылы, оқырманды да тыңдаушыны да сол сезімге бөлей алған ақынды қанша мақтасақ та, мадақтасақ та жеткіліксіз болар. Біз оны тек дәріптеу арқылы ғана өз шыңына өз міндетінің орындалуына жол бастап, бастау бере аламыз.

Жалпы Мұқағали бір сарынды ақын емес, кез келген тақырыпқа өлең жазып, кез келген жанрда өзінің ойын ашық жеткізе алатын ақынның осы бір қыры менің бойыма жетіспейтін бір қабілет деп ескеріп сол тұрғыда өз өзімді ұштап келемін. Сол себепті де Журналистка мамандығына бастау ашқан Мұқағали Мақатаев шығармалары мен үшін беделі асқақ,  берері мол шығарма болып қала береді. Осыған дейін де осыдан кейін де өз міндетін дәл осындай тұрғыда атқарар ақын өлеңі талай оқырманды ұштай түсері сөзсіз әрине. Өз қара басын ғана емес өзгені де ойлаған ақын мейірімділігі кей өлең жолдарынан сыр шерту арқылы да оқырманды бөлек күйге бөлеуін жалғастыра бермек. Өз ойын ақ қағазға жасырмай жаза білсе де дер кезінде еңбегі өз деңгейінде бағаланбаған ақынның сол кездің өзінде сағы сынбаған. Ауру жалмаған ақын осы күнде тірі болса еңбегі еселенері сөзсіз еді. Қазақтың бір ғасырда бір туар ақыны қай жерде болмасын шабыты шарықтап тұрғандығының өзі өнерінен қаншама сыр шертіп тұрғандай.

Мұқағали атамызға Алланың көзі де түзу болғаны сонша табиғаттың өзі сый арнағандай тас мүсіні пайда болды. Бұл айтылғанның барлығы ақынның абыройының асқақ бейнесінің бірден бір көрінісі іспетті. Табиғаттың өзіақынға осынша сый құрмет көрсеткенде оны қалай дәріптемейміз, қалай өлең жырға қоспаймыз. Жарты ғасыр ға жетпей өмірі үзілген ақынның мұрасы аз ғұмыр кешседе қаншама. Мұрасынан үлгі алатын жастарға бұның өзі көп дүниені айқындап беріп тұрғандай. Тіпті  жерлес болмаса да ақынды үлгі тұтып өз кумиріне айналдыра білген адам саны көп екенін негізге алу арқылы ақынның мұрасының өшпейтініне керісінше одан сайын өрлей түсетіндігіне дәлел бола алды деп ойлаймын. Қорыта айтқанда бір ғасырда бір туар ақынның әр шығармасы біз үшін алар орны ерекше, берер мұрасы өзгеше болып ерекшеленіп қала бермек. Біз оны үлгі тұтамыз, дәріптейміз ойымызды әлі де ақын ойына жеткізуге тырысып, ақын өлеңінің шығармашылығынан кең сыр шертіп, танымдық мағынасына тереңінен үңілеміз.

Көпірбай Шолпан Аралқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз