Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті прогрессивті көшбасшыларды қалыптастырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім берудің тірегі ғана емес, сонымен қатар екі маңызды саланың: адам ресурстарын басқару (HR) және еңбек әлеуметтануының тоғысуында әрекет етеді. Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы  «Еңбек әлеуметтануы және HR басқару» бағытында білім береді.

Бұл білім беру бағдарламасы HR саласының техникалық дағдыларын меңгерудің бірегей мүмкіндігін береді, сонымен қатар еңбек әлеуметтануының пәнін - еңбек ортасындағы күрделі әлеуметтік өзара әрекеттесулерді түсінуге көмектеседі. Білім алушылар еңбек қатынастарындағы әлеуметтік мәдени аспектілерді терең талдайды және қазіргі қоғамдағы үрдістер мен қарым-қатынастарды түсінуге негіз жасай отырып, әлеуметтік факторлардың жұмыс ортасына әсерін зерттейді. Білім беру бағдарламасы білім алушыларға нақты  өмірлік бизнес сценарийлерімен жұмыс істеуге, HR стратегияларын әзірлеуге және адам ресурстарын басқарудың инновациялық тәсілдерін үйренуге, жаһандық деңгейдегі қөшбасшылық және ұйымдағы тұлға, қызметкерлер мен жанжалдарды басқару, ұйымдастырушылық мінез-құлық теориясы мен тәжірибесі саласында білім береді.

Бұл білім беру бағдарламасында оқитын білім алушылар теория мен практиканы ұштастырып білім алады. Білім алушылар адам ресурстарын басқаруды ғана емес, сонымен қатар қазіргі еңбек қоғамындағы әлеуметтік тенденцияларды сараптай отырып, сыни тұрғыдан ойлай алатын көсбасшы маман ретінде қалыптасады. 

Алтаева А.А.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 2-курс магистранты 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз