Өлең, жыр, ақындар

Мәһрге не сұрайсыз?

Мәһр алу айыппа әлде хайппа! Елімізде мәһр мәселесі соңғы жылдары өзекті тақырыпқа айналды.

Естімеген елде көп! Мәһр деп соттасқандарда, мәһр деп жыласқандарда көбейді. Мәһрдің қамы деп, адамның қамын ұмытып кеткендейміз, сірә. Аруларымыз мәһріне су жаңа көлік, үй, ұшақ сұрағаннан ба, жігіттерміз үйлену десе тайғақтап, артқа қашып тұрады мыс! Жалпы “мәһр” деген не? Мәһр — әйел затының неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы. Алла Тағала құранда: “Үйленетін әйелдеріңе мәһрлерін шын көңілден тарту етіңдер… “ — деп бұйырады. Яғни, мәһр — уәжіп амал. Ханафи мәзхабы бойынша мәһрдің ең аз мөлшері — 10 дирхам. ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде мәһрдің ең аз мөлшері 4.25 грамм алтынмен есептелетіні туралы пәтуа қабылданды. Мысалы, 15 қазан 2018 жылы Қазақстанда 1 грамм алтынның бағасы 14 606,82 теңге болған екен.

Мәһр мәселесі жоғары діни білімді қажет еткендіктен, бұл мәселені көбісі дұрыс түсінбейді. Соның салдарынан да осындай жағдайлар орын алуда. Бұл мәселемен ҚМДБ өкілдері айналысуда. Ислам діні бойынша ер адамның әйеліне мәһр беруі — уәжіп. Сондықтан некенің шартына кірмейді, демек мәһр берілмей-ақ қиылған неке дұрыс болып саналады.

Өз ойым жаста болса бас бола білген елдің жастары біз болуымыз керек. Келешекте қазақтың санын көбейтер азамат, азаматшалары біз болғандықтан, ұстанған дінімізді, ділімізді меңгеріп, білім іздеу болашақ жастардың таңдауы!

Дауленхан Алмат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Сабыр

Мәһр сұрай алу үшін мұсылман болуы керек емес па? Исламнан, намаздан, діннен хабары жоқтар неге Мәһр сұрап жүр?))

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз