Өлең, жыр, ақындар

“Егемен Қазақстан” газеті

Күн кешкіріп далада ала көлеңкелеп күн таудың артына жасырына бастаған кезі еді. Менде жауып толастаған жаңбырдың таза ауасымен терең тыныстап аздап керіліп созылып пырыс-тырыс денемді жөнге салдым. Сәл тұрдымда кешкі қоңыр салқынмен табиғаттың көркіне тамсанып, саябақты аралап жүріп келейін деген ойға келдім. Жаңбырдан кейінгі табиғат құбылысы, құстар әнімен хош иіс өте кереметтілігі соншалықты жанды өзіне еріксіз баурап тәнтті етеді. Серуендеп толғанып, ойланып, арқамды кеңге салып, кеудемді керіп таза ауаны сүйсініп жұтып келе жатып Қазақстанның осы күнге жетуіне кімдер күш салды деген ойға келдім. Ойлана қарасам білімнің арқасы екеніне көзім жетті. Ата- аналарымыз қалайша білім алды дей келекешегі Абайдан бергі қазақтың “Алты арысы”есіме түсті. Егемен елдің ертеңіне асыққан Арыстарымыз осы бір ғылым білімге тәрбиелейтін газетті шығаруға күш салғаны есіме түсті. Ол газеттің шығуы да бізге берері де өте көп болған. 

Елмен бірге күйзелген, елдің сырын да жырын да өз бойынан тарқатқан тарихы тереңдегі басылымның бірі “Ұшқын” газеті еді. Қиын қыстау, қилы заманда елдің мұң мұқтажымен бірге сауатын ашыуға, көңілін көтеруге барын салды. Қазіргі уақытта да дүние құбылып, заманның ағымы мен қосыла аты да бір неше өзгергенімен еш құндылығын жоғалтпай әлі шығып келеді 

«Егемен Қазақстанның» тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор алғашқы саны жарық көрген "Ұшқын" газетінен басталады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. Басылым 1920 жылы "Еңбек туы", 1921 жылы "Еңбекші қазақ", келесі жылы "Еңбекшіл қазақ", 1932 жылы "Социалды Қазақстан" деген атпен шықты. Ал 1937 жылы "Социалистік Қазақстан" болып өзгерілді де, осы атпен ол 54 жыл бойы жарық көріп тұрды.

1991 жылдың маусымында республика тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда басылымның аты "Егеменді Қазақстан" болып өзгертілді. Бұл кезде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді. "Егеменді" – жаңа дәуірмен бірге қолданысқа жаңа ене бастаған сөз болатын. 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің пікірлерінен туған талқылаудан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауындағы "-ді" жұрнағы алынып, "Егемен Қазақстан" болып өзгерді. Осы атпен әлі күнге дейін жалғасын табуда. 

Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақталған білімі мен өмір тәжірибесі даналық деп аталса, оны танып білуде оқып үйренудің, әрине, маңызы өте зор. Өйткені даналық адамның өмірінде дұрыс шешім қабылдауына сепетігін тигізері ақиқат. 

Жақсылықтың құрбаны болған арыстарымыз бүгінгі ұрпаққа қалдырған ерен еңбегі тасқа ойып жазған хаттай сан-мың ғасырға жетерлік. 

Ұл-қызымыз ұлт жанды болса елімізде, тілімізде, дінімізде

күнімізде мәңгі-мәңгі сөнбейді.

Бір-бірімізді қолдасақ рухымыз көтеріліп абыройымыз өрлейді                      

Ана тілін құрметтеп сүйе білсек

Көк туымыз желбіреп, қазақ елі өлмейді

Өзіміз қадір тұта   алмай

Басқалар көңіл бөлмейді – деп айтар едім. “ Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте” дегендей.. Өз елімізде ананың ақ сүтін ішіп көк көздің тілімен сөйлеп,өлексе болмай, далалық рухымызбен даналық сүбелі сөзіміздің қәдіріне жете білейік. Қазақтың тілі бай қоржыны құрғамайды қара сөздің қаймағын сүзген халықпызғой. Жеті атамыздан сөзге шешен, сара сөзбен сырласып, шырынын жұтып шыңға шыққанбыз. Қазірде сөздің маржанын теріп, арзанын төгіп ұлан ғасыр даланың ұлылығын ұлықтай отырып, ұмытылмастай ұрпағымызға ұран қалдырайық. Кешегі Мағжан сенген арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарына айналайық. Қара бастың қамы үшін емес, дана қазақтың ары үшін, намысы үшін бет-беделі үшін белдесейік, ағайын!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1- курс студенті Дамысұлы Космановт

Ғылыми жетекшісі: Р.С. Жақсылықбаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер