Өлең, жыр, ақындар

Әбу Бәкір Рази

Негізгі аты Мұхаммед бин Зәкәриә, 854 жылы Рей қаласында туылған. Ғылым алу мақсатында Ирак, Шам, Мысыр және Андалусияға барған. Кейін Рей және Бағдат қалаларында ауруханалардың басшысы және бас дәрігері болып жұмыс атқарды. 932 жылы қайтыс болды. Химия, медицина, математика, физика және астрономия салаларында көп қызмет атқарып, бұл ғылымдар бойынша көптеген кітаптар жазды. Қызылша және оспа аурулары бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген бұл ғалымның осы аурулар турасында жазған екі жазбасы өте құнды болып табылады. Кітаптары латыншаға аударылған.

Өмірінің егде жасында көздері көрмей қалады. Көзіне ота жасауға келген дәрігерге көз құрылысы туралы бірнеше сұрақ қойып, мардымды жауап ала алмағандықтан, отадан бас тартты. «Көздің құрылысын білмейтін дәрігер қалайша ота жасай алады?» деді. Ең үлкен кітабы «Әл-Хауи» 30 томнан тұратын медицина саласында жазылған кітап. Медицинаның бүкіл ілімдері туралы дерек беріледі. «Жами», «Мансури» атты кітаптары да медицина саласын қамтыған. «Адамның жаратушысы бар» атты кітабы адамның кездейсоқ пайда болмағанын, хаким болған жаратушы тарапынан үлкен хикметпен жаратылғанын баяндайды және физиологиялық деректермен мұны дәлелдейді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз