Өлеңдер бөлімі

Азықтағы айла

Адам денсаулығына кері әсер ететіні айтылып жүрген және чипс, балмұздақ, шұжық және басқа да көптеген дайын азықтарда қолданылатын, халық тілінде «Қытай тұзы», деп білінетін глутамат натрия тұзы, альцгеймер, паркинсон ауруларына шалдықтырады. Қазіргі жаһанданған тамақ өнеркәсіптерінің көбінің мақсаты, адам денсаулығын ойламай, тезірек дамып, көбірек пайда көру.          

Глутамат натрия тұзының маңызды ерекшелігі, тамақтың дәмін күшейтіп, адамның көбірек жеуге деген қалауын арттырады. Глутамат натрия тұзы чипс, крекер, шұжық,  сосиска, гамбург, доширак секілді дайын сорпаларға қосылады. Глутамат натрия тұзы неліктен азықтарға қосылады? Осы жөнінде де шолу жасап өтейік. 

Әрі азықтың талғамын арттырады, дәмі жоқ азықтарға дәм береді, әрі тауардың көп сатылуы мен көп тұтынылуына жол ашады. Негізінде шұжық, сосискалардың көпшілігінің ішінде ет боолмайды. Соя сияқты дәнді-дақылдар және дәмді ету үшін глутамат натрия қосылады. Адамның жеген сайын, жеуге деген қалауын арттырады. Сондай-ақ тамақ өнеркәсіптері де бос тұрмайды. Бұл қоспалардың зиянды екенін айтқан кезімізде: «Бұл қоспалардың зиянды екенін көп адамдар біле тұра жейді» - деп, өзімізді кінәлайды.

Қазіргі таңда саны көбейіп бара жатқан қатерлі ісік ауруын тек темекіден деп білмеу керек. Құрамында әр түрлі зиянды қоспалар бар азықтар да қатерлі ісік ауруының пайда болуына жол ашуы мүмкін. Темекі шегетіндерің саны азяюда, бірақ сонда да қатерлі ісік ауруы жылдам түрде жайылып барады. Азық-түліктердің құрамында глутамат натрия секілді зиянды дәмдеуіштер бар, осылардан арыну қажет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...