Өлең, жыр, ақындар

Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру - қоғам дамуының негізгі кепілі

Құқықтық мәдениеті жоғары адам өз құқығын қорғай алады, өзгелердің құқығын бұзбайды және заң алдында бәрі тең екенін түсінеді. Мұндай тұлға кез келген жағдайда әділ шешім қабылдауға тырысады, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосады. Сондықтан құқықтық мәдениет жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға қажет құндылық. Құқықтық мәдениеттің негізгі құрамда бөліктеріне құқықтық білім, құқықтық сана, заңға деген құрмет және құқықтық мінез-құлық жатады. Құқықтық білім – адамның заңдарды білуі болса, құқықтық сана – сол заңдардың мәнін түсінуі. Ал құқықтық мінез-құлық – алған білімін іс жүзінде қолдану, яғни заң талаптарын сақтау.

Қоғамда құқықтық мәдениет неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құқық бұзушылық азайып, адамдар арасындағы сенім артады. Әсіресе жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды, себебі жас ұрпақтың заңға көзқарасы мемлекеттің болашақ дамуына тікелей әсер етеді.Жастар арасында құқықтық мәдениет қалыптасса, қоғамда тәртіп күшейеді, қылмыс азаяды, сенім артады.

Қазіргі қоғамда жастардың құқықтық сауаттылығы – ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Құқықтық сауаттылық дегеніміз – адамның өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын түсінуі және оларды өмірде дұрыс қолдана алуы. Заңды білетін жас өз болашағын сенімді құра алады және қоғамдағы орнын дұрыс анықтайды. Құқықтық сауаты бар жас өз пікірін заң аясында қорғайды, міндетін де адал орындайды. Ол мемлекет заңдарына құрметпен қарап, тәртіп сақтаудың маңызын түсінеді. Мұндай жастар қоғамда әділдік орнатуға үлес қосады.

 

 

                                     Санаева Айшат, ҚазҰУ-дың 3-курс студенті


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар