Жас ақындар арасында жыр байқауын жариялаймыз

2017 жылдың 01 қарашасы мен 2018 жылдың 15 қаңтар аралығында «NEXT ұрпағы» өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.  

Сайысқа 14 - 29 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Бірінші кезеңде:  еркін тақырыптағы өлең-жырларды жариялау жүргізіледі.

Қатесіз енгізуге тырысыңыздар, кері жағдайда қабылданбайды. 

Екінші кезеңде: өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындардың орнын анықтау өткізіледі. Марапаттау қаңтар айының аяғында болады.

Жүлдегер ақындар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Шарттар:

- Ақындар порталға тіркеліп, өлең-жырларын енгізулері керек;

- Ілмектердің ішінде   деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз);

- Екі бірдейдің арасында, ұнату, пікір және қаралым () саны қаралады. 

Нұсқаулықтар:

Қалай тіркелемін?

Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)

Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

Басқа да сұрақтар

 

Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.

 

Сұрақтарыңызды кез-келген уақытта қоюға болады. Міндетті түрде жауап береміз!

Байланысу үшін:

bilimall.kz@gmail.com

WhatsApp: +7 701 754 04 73

Демеушілерге де ашықпыз. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (34)

Ардақ Е

Жақсы жаңалық, осындай шаралар көбею керек

Ғұмырсерік

Мен Зарықхан ғұмырсерік 1990.11.18 дүниеге келгем

Карима

Маған, Білім ал сайты ұнайды. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.

Әйгүл

Міндетті түрде қатысамын!!

Айнаш

Өлең енгізіп едім, next деген ілмекті ұмытып кеттім, қалай өшірмей өңдеуге болады?

Модератор

Айнаш, енгізген өлеңнің жоғарғы жағында(сайтқа логин арқылы кіріп тұрған болсаңыз) Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті болады. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз. Ал өлеңді өшіргіңіз келсе, "Қоқыс жәшігін" басасыз.

Алмат Т

Жақын арада жазып бітірейін, мен де қатысамын...

Аружан

Шығармашылық табыс тілеймін! Сәттілік!

Сұлтан

Қатысып көрейік.Қай жерге жібереміз өлеңді

Айзат

Катысеым келеди бирак жасым он үште????
Катысатындарга саттилик

Дарига

Тіркеліп едім, қате деп жатыр. Email деген жерге не жазамыз? ойдан құрастырып жазу керек па?

Модератор

Дариға, ол сіздің электронды поштаңыз. Ойдан құрамайсыз, өзіңіздің қолданып жүргеніңізбен немесе жаңадан ашып қана тіркеле аласыз. Жоқ e-mail арқылы тіркеле алмайсыз.

Дарига

Үлкееен рахмееет! енді түсіндім, рахмееет!

Модератор

Сұлтан, жоғарыда толық жазылған, нұсқаулықтарды пайдаланып көріңіз.

Бақберген

Үйде отырып қатыса береміз бе?

Айнаш

Бақберген, иә.

serikkozybayev

Мен next деп жазғанымен менің өлеңім енбей тұр неге

Бақберген

Өй, мынаған тіркелу мүмкін емес!

Модератор

serikkozybayev, өлеңдеріңіз еніп тұр, бірақ next тен кейін үтір қою керек, өйткені ілмектер үтір арқылы жазылады.

Модератор

Бақберген, егер тіркеле алмай жатқан болсаңыз WhatsApp( +7 701 754 04 73) - қа жазыңыз, көмек береміз.

Алтай

Сіздерге алғысым шексіз

Алтай

Күрен тартқан көңілсіз күздің кеші ,
Салқын жел,жабырқаған жүзді үрлеші ,
Жасыл жазбен қоштасқан жапырақтай ,
Ғұмырымыз бітеді ау біздің де осы.

Ғұмырымыз таусылар жапырақтай ,
Ажал жетер қашсақта тапырақтай.
Амал барда Аллаға тәубе етейік,
Аузымыздан ақ көбік шашыратпай.

Мұнарлы күн мұң шағып тұрмын күзге ,
Мына өмірге уақытша тұрғын бізде,
Сары жапырақ шіриді қар астында,
Жер астыңда шіриміз бір күн бізде.

Тәубе етейік ағайын бір Аллаға ,
Күнә жасап қайтеміз құмарлана ,
Телефонға телмірмей күндіз -түні,
Көңіл бөліп қояйық құранғада.
Автор:Алтай.Анапияев

Алтай

NexT,

Модератор

Алтай, өлеңді бұл жерге енгізудің қажеті жоқ

Ханшайым

Қай жаққа жазамыз?Қай қалада?

Айдана

Айы туып,жұлдыз,куні жанған ел
Ата бабам мəңгі аңсаған арман ел
Мəнгі тірі, мəңгі азатсың, қазағым
Қазақ болып туғаныма мақтанам

Модератор

Ханшайым, өлеңдер бөліміне енгізу керек: http://bilim-all.kz/olen
Алматы.

Лаура Казбек

serikkozybayev, жақсы жазады екенсіз.

Сымбат

Супер, бәріңе сәттілік!!!

guka1988

Құрметті өнер сүйер қауым, Nekt батырмасын бассаңыздар                     " өлеңдер" бөлімі бар. Сонда кіріп ақындардың өлеңін оқи отырыңыздар! Өлең шығарсаңыз өлеңіңізді жариялап, болмаса, ақындарымыздың өлеңдеріне "лайк" баса отырыныздар!

Баги

Бірінші еркін тақырыпты жіберуіміз керек пе? Басқа талап жоқ қой иə?

Ерасыл

Мына жерден дым таппадым

Айру Ахмет

Баги, Дұрыс, сайтқа тіркеліп еркін тақырыпта өлең енгізіледі. Енгізгенде ілмектің арасына next деген сөзді қосады болды

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)