Латын әліпбиіне көшу қажет пе?

Оңтүстік Қазақстан Обылысы
Шардара ауданы №16 колледждің
Т-25 топ Студенті Абдыхалық Аида Халитқызы
Жетекшісі: Жораева Құттығыз 

 

1 МАҚСАТЫ

Студенттерге латын әліпбиі туралы түсінік беру, келешекке келтірер пайдасын ұғыну.

2 КӨРНЕКІЛІГІ

Тарқатпалар

3 САБАҚТЫҢ ТҮРІ

Пікіралмасу

4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

4.1 Кіріспе сөз

Латын әліпбиі – көне және халықаралық әліпби. Оны ағылшындар, италяндықтар, француздар, немістер қолданады. Латындар - римдік көне тайпалар. Олардың әліпбилері біздің дәуірімізден бұрын VIII-VII ғасырларда пайда болған. Кеңес Одағы кезінде түркі тілінде сөйлейтін халықтардың арасынан шыққан көрнекі ғылым қайраткері Н.Н Нариманов араб әліпбиінен жалпы түркіге ортақ жаңа әліпбиге көшу қажеттігі жайында ұсыныс жасады. Бұл мәселе жөнінде Қазақстан ғалымдары өзара пікір алысты. Сонымен латын әліпбиі 1928-1929 жылдары Қазақстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда кеңінен қолданыла бастады. Сөйтіп, 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа әліпбиге көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болды. Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда.

Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып , кириллицадан латын әрпіне көшуді қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ.Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі, жиі айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді.

4.2 Ой бөліс

Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап, өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Президентіміз әліпбиіміздің толықтай латын тіліне көшуін 2025 жылға қарай жүзеге асыруды көздеп отыр. Бірақ бұл мәселеге кейбір азаматтарымыз наразылығын танытуда. Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі: «Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқын екіге бөледі» деп, халқымыздың болашағы үшін шыбын жаны қиналып, шырылдап жүр. Айтқан сөзінің де жаны бар, астарында ақиқат жатқаны рас. Бұл мәселе елде қарама-қайшы пікірлі екі таптың пайда болуына әкеп соқтырады. Тіпті жақын көршілеріміз Өзбекстан мен Әзірбайжан халықтарының әліпбиі өзгеруі себепті бұрынғы жазылған тарихтарына көз жүгірте алмай отыруы да соңғы кездерде мәлім болуда , себебі – латын алфавитіне көшу арқылы кириллицаны ұмытқан. Осы сөздерімізге мына бір проблема айқын дәлел. Латын әрпіне ауысу – оңай шаруа емес. Бұл еліміз үшін өте ерте қадам. Себебі тарихымызды енді-енді айқындап жатқанда, бұл – теріс қадам басушылық. Әріптерімізді азайтамыз деп, болашағымызды бұлыңғырландырып, тарихымызды өшіріп алмасақ игі еді. Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – заман талабы ма, әлде үлкен саясат мүддесі ме? Латын әліпбиіне көшу «біздің қоғам үшін тиімді» дейді мәдениет министрі Құл-Мұхаммед. Ал шетелдік ғалымдар әліпби ауыстыру «Назарбаевтың саяси ойыны» екенін айтады.Ақын Бақытжан Тобаяқовтың пікірі бойынша, алдымен тілімізді түзеп алуымыз керек . Мемлекеттік тілді жиырма жылдың ішінде толық меңгермей жатып латын әліпбиіне көшіру еш қисынға келмейді. 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгергендер 95 пайызды құрайды дейміз. Қазірдің өзінде еліміздегі адамдардың елу пайыздан астамы қазақ тілін толық меңгермеген. Егер басқа әліпбиге көшу маңызды болса, онда көне түркі жазуына ауысқанымыз дұрыс шығар. Әрі әліпби ауыстыру қыруар қаржыны керек етеді. Ал бұл тұрғыдан келгенде біздің әдеби-мәдени мұралар қайда қалмақ? Онсыз да латынша әріпті меңгеріп, кейін ауыса берерміз. Бірақ түбегейлі ауысудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді толық меңгеру ұзақ уақытқа созылғанымен, соңы нәтижесіз аяқталып келеді. Оның қасында ресми тіл жоғары тұр. Ал латынға көшу арқылы біз орыстан құтыла алмаймыз. Болмаса тәуелсіздік жылдарында біржола латынды таңдауымыз керек еді. Президенттің жолдауында латын қарпіне көшу мәселесі айтылғалы қоғамдық пікір екіге жарылғандай. Қолдайтындар және қолдамайтындар болып. Біреу біліп айтады, біреу еріп айтады. Жақында Абай.кз сайтында елге белгілі біраз азаматтардың «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз!» деген тақырыппен ашық хаты жарияланды. «Егер қазақ жұрты латынға көшсе ұлт мәдениеті мен әдебиетінен келер ұрпақ ажырап қалмай ма немесе мемлекеттік тілді толық меңгермей жатып латынға ойысу құтқара ма?» дейді алқалы топ. Мұзафар Әлімбаев, Мұхтар Шаханов, Мекемтас Мырзахметов, Амангелді Айталы бастаған қазақ зиялыларының әліпби ауыстыруға үрке қарауында бір себеп бар сияқты.

5  ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық!

6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

- Сыныптан тыс жұмыстар. Кезекті басылымдар

- Интернеттегі материалдар         

- Газет журналдар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (2)

Айнур

мен келиспим ел басы не еригип отырма оданша карапайым хаалыктын жагдайын неге ойламайды оган кеткен кара жаткан бирлесип неге уй жок халыкка уй берип жетим жесирди неге колдамайды

Сандугаш

Менде келіспеймің латын əріпіне балдар казір сабак окысы келмейді.3тіл деді окытып жатр сол жарайд.Ойларына не келеді соны істеп отрсындар .Министрі алжыган .Казакпызба казак болып халайык.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)