Қытайда адамдар су құбырларында тұратын болады

Соңғы он жылда шағын үйлер тренді күн өткен сайын танымал болып келеді.  Қалалық кішкентай үйлердің жаңа ғасыры жетті.Күтпеген жерден ұсынылған шағын үйдің нұсқасын James Law Cybertecture компаниясы жасаған. House OPOD Tube House - стандартты бетон құбырынан жасалған. Ол әлемдік мегаполистерде тұрғын үй сатып алуға шамасы жете бермейтін жастарға арналып отыр.

Жуырда ғана Гонконгте ұсынылған үйлер бұрын қолданыста болған диаметрі 2,5 метр бетон су құбырларынан жасалған. Тұрғын үй бір немесе екі адамға арналған, оның ауданы шамамен 9,3 шаршы метрді құрайды. Үйдің ішіне барлық жағдай жасалған. Яғни, жиналмалы кереуеті бар қонақ бөлме, шағын тоңазытқыш, жуынатын бөлме, киім мен жеке заттарды қоюға арналған орын.

Жоба сәулетшісі Джеймс Лоудың айтуынша, су құбырларындағы шағын үйлер идеясы тек жастардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін ғана емес, сонымен қатар, қалалық билік өкілдерінің халық тығыздығымен күресу мәселесіне де тиісті нүкте қоюына көмектесері анық.

Аталған үй конструкциясы аса жеңіл болмағанымен – әрбір құбыр 22 тонна шамасында, оларды орнату үшін аз күш жұмсалады және көп қаражатты қажет етпейді. Себебі құбырлар бір-біріне оңай жабыстырылады, сол себепті оларды орнату аса қымбат шығынға апармайды екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Абылай

Неге жұмбақтап деп жазғанда неге шыққан жоқ

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)