Неліктен кейбір адамдар не ішем, не кием деп уайымдамай шалқып өмір сүреді, ал басқалары болса жоқшылықтың шеңберінен шыға алмай шыр айналып жүреді?
Кейбіреулер мұның себебін жалқаулыққа, еріншектікке әкеп тірейді. Бірақ, айналаңызға қараңызшы, мұндай ұстаным дұрыс емес екенін дәлелдейтін мысалдар жетіп артылады. Сіздің де бел жазбай еңбек етіп, қандай ауыр жұмыс болса да еңсеріп кететін, уақытының көбін тек жұмысына арнайтын, бірақ тапқаны ішіп-жегеннен артылмайтын таныстарыңыз бар шығар.
Кірістің белгілі бір мөлшері адамға бала кезінен беріледі деген пікір бар. Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап адам өз еркінен тыс өзінің өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын және әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керегін анықтайтын амалдарының белгілі бір стандарттарын бойына сіңіре бастайды. Бала кезінен бойына сіңген бұл қасиет өмір бойы түйсігінде қалып, оның өмір сүру деңгейіне әсер етіп отырады. Тек осы қатып қалған қағидалардың иесі дәл осы қасиеттердің өзінің дамуына, тағдырын өзгертуге кедергі келтіріп жүргенін мойындай алмаса, онда ол өз жолын іздеместен, ата-анасы салып берген сүрлеумен кете береді.
Өзін қолға аламын деп шешім қабылдаған адам қашан да өмірінің ажырамас бөлігіндей болған кейбір нәрселерен бас таруына тура келеді. Ерік-жігерін жанып, мойына жүк болған жаман әдеттерден құтыла алған жан өз өмірін жаңа деңгейге көтере алады.
Бұл мақалада біз байлыққа бастар жолдың ең әуелі өзіміздің басымызда, санамызда жатқанын, ал дамудың жолы өз миымызды «толық тазалағаннын» кейін ғана басталатынын көрсететін бірнеше мысал келтіреміз. Әрине, оқырмандарымызға сананы өздігінен тазалау жолын үйретіп, ойларын бірден өзгерте аламыз деп уәде бермейміз. Алайда, осы оқиғалар біреулерге ой салып, өмірге деген көзқарасын өзгертуге септігін тигізер деген үміттеміз.
Сонымен, көптеген адамдардың кедейлік шырмауынан шыға алмауының бірнеше себептері бар.
Жалпы, мұны оқиға емес мақалаға кіріспе деп атасақ та болады. Бір қыз өзінің ақылды, сыйлы, өте білімді ұстазы жайлы айтып беді. Бір күні ұстазы сабақ өтіп жатып, сыныптағы оқушыларға тоғышарлықтың не екенін түсіндіріп берген екен. Сонда, біздің елдің бір сипатын айналған бұл құбылыс бір ауыз сөзге сиып кеткен екен: «Тоғышарлық деген – сервантта жап-жаңа ыдыс-аяқ тұрған кезде, шеті кертілген кесемен шай ішу».
Мұндай көріністің бала кезде бәріміздің көз алдымызда өткенін рас қой. Тек мереке күндері ғана дастарханға қойылатын әдемі ыдыстар, жылына тек екі-үш рет қана киілетін сәнді көйлектер, алда-жалда керек болып қалар деп тыққан ақшалар...Осындай отбасында өскен балалар тек болашақты күтуге, бәрін болашақ үшін істеуге үйреніп кеткен. Жақсы нәрсені көріп тұрып, оны пайдалануды «кейінге» қалдырады. Ал ол «кейіні» ешқашан келмейді, көкжиектен қол бұлғап шақырады да тұрады. Өйткені «ертең бүгінгі күн кеше болады». Осылайша, адам қол созым жерде тұрған әдемі шыны-аяққа қызыға қарап, шеті кертілген кесемен шайын көңілсіз сораптап отыра береді.
Ертеде бір әйел болыпты. Ол алдына мақсат қойып, бел жазбай еңбек ететін мықты әйел екен. Екі қызын жалғыз өзі өсіріп, болашақта саяжай сатып алу үшін тірнектеп ақша жинады. Үйде соншалықты артық ақша да болмаушы еді. Бұл Кеңес үкіметінің қайта құру кезіндегі аумалы-төкпелі заманында болған оқиға-тұғын. Сол себепті ол әйел үй жиһаздарын жаңартпай, өзіне күтім жасамай және қыздарына артық киім алмай, ақшасын барынша үнемдеді. Ол өте көнбіс әйел еді, жыртылған жерін тігіп, күтіп кисе бір пальтоны жеті жыл киюге болады, ал жиһаздың көнелігі, ыдыстың кертілгені ешнәрсе емес, ең бастысы олар - қажетке жарап тұрса болғаны. Ал олардың сыртқы бейнесін елемеуге болады деп ойлайтын. Байғұс әйел қыздары аналарының не үшін осынша үнем жасайтынын түсінетіндеріне, армандаған баспаналарына қол жеткізген кезде бірге қуанатындарына сенімді болатын.
Алайда, армандаған саяжайға қол жеткізген кезде, ол әйелдің қыздары неге екені, оған мүлдем қуана алмады. Өз баспанамыз бар деп шаттанудың орнына олар өткенді айтып шағымдана бастады. Серуенге шыққан кезде, тізесі шығып, өңі тозып кеткен барқыт шалбарларына күліп, мазақтайтын құрбыларынан қалай жасқанатындарын еске алды. Олар бойжетті. Бірақ, ең басты нәрсені – әйел болуды, әдемі болуды, әдемі киінуді (аз ақшамен де бүтін киінуге болады ғой) үйрене алмады. Осының бәріне қыздар аналарын кінәлады. Өйткені ол қыздарының бойына өз қажетіне ақша жұмсаған сайын өз-өзінен қуыстанып, кінәлі сезініп, жасқанып жүретін Күлшеқыздың бейнесін қалыптастырды. Кедейліктің саналарына сіңіп қалғаны сонша, олар өздерін ешнәрсеге лайық емеспіз деп ойлады.
Бір әйел бала кезіндегі құрбысының үйіне қонаққа келеді. Ол құрбысы мектепте оқып жүрген кезде тұрған, жиырма жыл бұрынғы пәтерінде әлі тұрып жатыр екен. Қыздар үшін мұнда балалық шақтың әдемі естеліктері бар еді. Екеуі көне диванның үстіне шығып алып, қолдары төбеге жеткенше секіретін. Оның серіппелерінің сықырлағанын қызық көруші еді. Ал диваннан шыққан шаң бұлт сияқты төбеге көтеріліп кететін.
Бала кезде айналаңның бәрі жарқын көрінеді деген рас. Ал өскеннен кейін ол көзілдірікті шешуге тура келеді. Жиырма жыл өткеннен кейін де оның құрбысы дәл сол төбесінің әгі төгіліп тұрған, дәл сол бұрыштан қозғалмаған, сықырлақ серіппелері бар, шаң басқан диваны бар пәтерде тұрады екен. Тек, диванның серіппелері бұрынғыдан да қатты сықырлайтын болыпты. Ешнәрсе өзгермеген – керегеде дәл сол бала кездегі түсқағаз, дәлізде сынық жерлерін фольгамен білдіртпей жамап қойған дәл сол айна.
Құрбысының үйінде отырып, әйел еңсесін бір көтере алмады. Санасы сан-саққа жүгірді – құрбысымен әңгімелесіп отырса да, ойымен бөлме ішін тазалап отырды: шыбындар жабысып қалған терезені жуды, төбені әктеді, диванның астында көрініп жатқан қоқыстарды жинады. Жиырма жылда мына көне диванның орнына жаңасын алуға болмайтындай бұл соншалықты қымбат жиһаз ба еді? Ақшасы жоқ болса да, ағаштың түсі сияқты жабыспақ қағаз сатып алып, әбден көнерген үстелді жаңартып қойса болады ғой.
Құрбысының үйінен кетіп бара жатып әйел «кедейлік - жуылмаған шаш пен жиналмаған бөлмеде тұрады екен» деген ойға келді. Кедейлік пен салақтық – бір тиынның екі жағы, бір менталитеттің екі түрлі көрінісі сияқты. Сынған гүл құмыраларын тастай салмай, айрылып кетпес үшін ескі шұлықпен орап қоятын үйге байлық та жоламайтын шығар.
Сөз соңында орыстың ұлы жазушысы Антон Павлович Чеховтың бір сөзін келтіруге болады. Ол бір күні тозығы жеткен сынып бөлмесі мен мектептің лас дәлізі оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне кедергі келтіретінін байқады.
Расымен де, балалар балалық шағынан бастап кедейліктің ауыр жүгін түсіне бастайды. Кедейліктің ауырлығы мен жабырқау мұңы олардың түйсігіне таңба болып басылады. Осы шарасыздық баланың бойында бағдарлама сияқты жұмыс істейді – айналаң осындай болса, олардан асып қайда барасың деген ой санасын жаулап алады. Бала ешқашан терең ойлап, жағдайды салыстыра алмайды. Сондықтан, ол үшін өзі өмір сүріп жатқан кедей орта – бұл өмір бойы өзгермейтін жағдай, одан қашсаң да құтыла алмайсың. Осылайша, адам бала кезінен бастап кедейлікте өмір сүруге және жолы болмайтын адам болуға еті өліп кетеді. Әрине, бақытсыз балалық шақ кейбір адамдардың байлыққа қол жеткізіп, өз қатарынан оқ бойы озып кетуіне жол ашады. Алайда, адамдардың бәрінде бірдейкедейліктің жүгін сілкіп тастап, арқасын жазатындай ерік-жігері күшті болмайды.
Мұндай маңдайға жазған генетикалық кедейлікпен не істеуге болады? Егер айтылған оқиғалардың ең болмаса біреуінен өзіңізді тани алсаңыз, онда қайғырмаңыз, үмітіңізді үзбеңіз. Жан-жағыңызға қарап, әрекет істеңіз: кетік кесені лақтырып, серванттағы жаңа шыны-аяқты алыңыз, сынған гүл құмырасын еш өкінбестен лақтыра салыңыз, жинап қойған қоқыстар мен бірнеше рет жамап киген артық киімдерден арылыңыз. Үйдің шаңын сүртіп, терезені жуыңыз – сіздің өміріңіз бірден нұрға бөленеді.
Және балаларыңыз туралы ешқашан ұмытпаңыз. Тағы қайталап айтамын, олар айналасындағы нәрсенің бәрін бойына сіңіріп өседі. Олардың бойына қандай бағдаралама орнату тек сізге ғана байланысты. Балаларыңыздың табысты және өз өмірлеріне риза тұлға болып қалыптасуына жәрдемдесіңіз. Балаларыңызды бақытсыз болуға мәжбүрлемеңіз.
Сіз неге әлі күнге дейін бай емессіз: 7 себебі
Джек Ма: Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз
Неміс дәріханасынан әлемдік косметика империясына дейін: Schwarzkopf тарихы
Кедейлікте өскен адамдардың зиянды 5 әдеті
Балық аулауға деген қызығушылық HARLEY-DAVIDSON компаниясын құруға себеп болған
Азияның ең бай адамдарының бірі Джек Маның жетістікке жету тарихы
Уолт Дисней жетістігінің тарихы
Toyota тарихы: тоқыма станоктың орнын көлікке алмастыру
Коносуке Мацуситаның өмірі мен жетістікке жету тарихы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
lizaveta1978
кепемет мақалалар!!!!!
lizaveta1978
керемет мақалалар!!!!!
Әсем
Ойландыратын нәрсе екен
Нұрай
Байдың балалары басқаша ойлайды, кедейдің балалары басқаша. бір оқиға болып өзгеріс болып кетпесе