Жобадан алған әсерім

Қалалық отбасылық «Жанұя» клубының мүшесі
Шөптібай Диас Қайрат ұлы
Жетекші: Жəмелова Инабат Күнтуарқызы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтын биылғы жолдауы  «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»  бағдарламасына байланысты Қостанай қаласындағы  Қазақстан халық Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Этномәдениеттану» жобалар байқауы болды. Байқаудың негізгі мақсаты өскелен ұрпаққа ел тарихымен және «Мәңгілік ел» бағдарламасын насихаттау болатын. Жоба байқау бірнеше секциялардан тұрды. Сонын ішінде мен «Менің елімнің тарихындағы менің отбасымның тарихы» атты бөлімді тандадым. Бұл бөлімде мен өзімнің атам Шөптібай Байділдин жайлы жаздым. Атамның өмір жолы мен оның оюлар сырын ашу болатын. Байқауға Қостанай облысы бойынша 18 қатысушы қатысты. Әр қайсысы да өте жоғарға дайындықпен келген. Бұл байқау менің осы кезге дейінгі ең үлкен байқауым болды. Мен байқауда ортада өз жобамды қорғар кезде қатты толқыдым. Бірақ атамның айтқан сөздерін еске түсіріп барлық қорқыныштарым сейілді. Әділ қазылардың шешімімен мен ынталандыруға ие болдым. Бұл аталымға ие болғанымда мен үшін үлкен жеңіспен пара пар болды. Мені осы байқауға қатысуға ат салысқан атам мен Инабат апайыма алғысым шексіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)