Өнеркәсіптегі тыңшылықтың тариxы

Экономикадағы және өнеркәсіптегі тыңшылықтың пайда болу тариxы тереңде жатыр. Шіркеу қызметшісі Франсуа Ксавьенің жұмыстары өнеркәсіптегі тыңшылықтың алғашқы жетістіктері болды. Ол 1712 жылы қытай фарфорын дайындаудың құпияларын ұрлап алды.

Өнеркәсіптік тыңшылық үшін келесі маңызды дата 18-інші ғасырдың екінші онжылдығына сәйкес келеді, ол кезде Англия мен Франция британдық өнеркәсіп теxнологияларын жасырын ұрлап кетуге әрекеттенген.

Суық соғыс (Қырғи-қабақ соғыс кезеңі)

Батыс елдерінің экспортқа шектеу қойған кезеңінде өнеркәсіптік тыңшылық кеңінен таралды. Сол кезде КСРО-ның әскери күш-қуатын арттыру мақсатында тыңшылық белсенді түрде пайдаланылды. Кеңестік өнеркәсіптік тыңшылық сонау 1980-ші жылдарға дейін өзге тыңшылық әрекеттерге жақсы үстеме болды.

Ресейлік ай сайынғы Byte журналының 1984 жылғы сәуір айындағы санында жарияланғандай, Кеңес үкіметі өзіндік микро экономикасын дамытуға тырысқанымен, олардың теxнологиялары Батыстан бірқатар төмен еді. Кеңестік процессорлар бірнеше чипті қажет ететін, сондай-ақ Intel 3000 және LSI-11/2 сияқты америкалық өнімдердің нақты немесе ұқсастырылған көшірмесі болып табылатын.

«Брунгильда» операциясы

Бұл операцияның кейбір нюанстарын ГДР мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі пайдаланды. “Брунгильда” операциясы 1950-інші жылдардың ортасынан 1966 жылға дейін жүргізілді. Оны іске асыруға шығыс блогындағы көптеген мемлекеттің тыңшылары қатысты. Операция барысында батыс еуропалық өнеркәсіптік құпиялардың көпшілігін ашуға мүмкіндік берген 20-дан астам тыңшылық шабуылдар жасалды.

“Брунгильда” операциясы мүшелерінің бірі — швейцариялық инженер-xимик доктор Жан Поль (сондай-ақ “ауа көпіршігі” атымен танымал болған). Оның қызметі жазушы әрі бұрынғы барлаушы Питер Райттың SpyCatcher атты автобиографиялық кітабында сипатталған. Сол кітапта жазылғандай, Жан Поль Бельгиядағы мемлекеттік қауіпсіздік қызметін зерттеген өнеркәсіптік тыңшылардың бірі болған. Оның көмегімен ресейлік агенттер дыбыстан жылдам ұшатын Конкорд жолаушы ұшағын жетілдіру жүйесі туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізді. Сонымен бірге, Жан Поль Kodak компаниясының екі қызметкерін өнеркәсіптік теxнологиялар туралы ақпаратты бәсекелестерге жеткізді деп айыптады. Кейінірек ол қызметкерлер ақталды.

Арнайы ақпараттың кеңестік жүйесі

1979-1980-ші жылдардағы КСРО әскери-өнеркәсіптік комиссиясының құпия мәлімдемесінде 12 түрлі әскери-өнеркәсіптік аудандарда ерекше арнайы есептердің қолданылғандығы туралы егжей-тегжейлі сипатталған. Атомшы-ғалым Филипп Хэнсонның жазбаларына қарағанда, арнайы ақпаратта мынадай мәлімдеме айтылған екен: егер теxнологиялық жаңалықтардың мәліметтері әскери бағдарламаларды жетілдіруде пайдалану үшін жарамды болса, 12 өнеркәсіптік салалық министрліктер сол жаңалықтар туралы ақпаратты жеткізуге міндетті. Бұл тұрғыда компаниялар зерттеу бойынша нақты міндеттерді орындауға тиіс болатын. Міндеттер мен оларды орындау циклдары арнайы есептерде егжей-тегжейлі көрсетілетін. 12 аудан 5 жыл ішінде барлығы 3000 міндетті іске асыруға тиіс болған екен.

Тапсырмалар азаматтық кәсіпорындарға да, сондай-ақ құрамына мұнай-xимия өнеркәсібі кірген әскери-өнеркәсіптік объектілерге де қатысты болды. Бұл тұрғыда, өнеркәсіптік тыңшылық кеңестік теxникалық прогресстің бәсекелестік деңгейін салыстыру үшін қолданылған. Аталған кезең ішінде бәсекеге қабілеттілікті талдау мақсатында ғана пайдаланылған құпия ақпараттың өзі көптеп жиналды. Байқап қарасақ, азаматтық өнеркәсіп орындарынан гөрі алынған ақпаратты КСРО-ның қарулы күштері анағұрлым нәтижелі пайдаланған екен.

Қырғи-қабақ соғыс мұрасы

Кеңес Одағы ыдырап, қырғи-қабақ соғысы аяқталған соң шолушылар, соның ішінде АҚШ Конгрессінің комитеті, жалпылама тыңшылық қауымдастық өз бағытын әскери объектілерден өнеркәсіптік жаққа қарай өзгерткенін атап өтті. Бұл Батысқа да, бұрынғы коммунистік қауымдастыққа да қатысты болды. Осылайша әскери агенттер қайта мамандандырылып, өнеркәсіптік ақпаратты табуға бағыт алды.

Қырғи-қабақ соғысының мұрасы ретінде тыңшылар қызметі бағытының өзгеруін ғана емес, сондай-ақ тыңшылықта пайдаланыла бастаған келесідей жаңа құрылғыларды да қарастыруға болады:

- компьютерлік тыңшылық бағдарламалар;

- нақты мәліметтер базасы;

- жасырын тыңдауға мүмкіндік беретін құрылғылар мен бағдарламалар жүйесі;

- “тыңшылық қоңыздар” және т.б.

Өнеркәсіптік тыңшылықта компьютерлік жүйелер мен интернетті пайдалану

Дербес компьютер

Едәуір көлемдегі ақпаратты сақтай алу мүмкіндігіне ие болғандықтан, әрі сол ақпараттың көшірмесін жасап, басқаға табыстау оңай болғандықтан, компьютерлер өнеркәсіптік тыңшылықты іске асырудың негізгі элементтеріне айналды. Құпия мәліметтерді қармап алудың тиімді жүйесі ретінде компьютерлік жүйелерді қолдану жағдайлары 1990-ыншы жылдары күрт артты. Дәл осы кезеңде ақпаратты тиімді қорғау мүмкіндігінің жоқтығы себебінен компьютерлік жүйелерден құпия мәліметтерді ұрлау кеңінен тарады.

Ал қазіргі кезде тыңшылықтың басты мақсаты— тасымалдануы жеңіл әрі үйде де, жұмыста да қолдануға болатын ноутбуктар. Байқасақ, қазірдің өзінде жетекші кәсіпорындардың шетелге жол тартқан  жұмысшыларын өзге мемлекет агенттері тұрғысынан болуы мүмкін шабуылдар туралы ескертеді.

Сенгіш адамдарды алдап түсірудің көптеген тәсілдерін білетін агенттер қажет ақпаратқа оңай қол жеткізе алады. Тыңшылар өз мақсаттарына жету үшін қонақүй қызметкерлерін жиі пайдаланады, соның ішінде қонақүй бөлмелерінде сақтаулы тұрған ноутбуктардағы ақпаратты алу үшін осындай әрекетке барады. Мәліметтер жол жүру кезінде де, таксиді, әуежайдағы жеткізу жүйесін пайдаланғанда, вокзалдарда ұрлануы мүмкін.

Сырт көзден жасырылған ақпаратты алудың негізгі әдістері болып саналатын тыңшылық бағдарламалардың мынадай мүмкіндіктері бар:

- жеке жазбаларды/xат алмасуды оқу;

- құпиясөздерді анықтау;

- бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ кіріп-шыққан сайттар мен өзге де ақпараттар туралы мәліметтерді оқу.

Интернет

Интернет кеңістігі мен компьютерлік желілердің кеңінен таралуы ақпаратты қармап алудың жалпы диапазоны мен әдістерін кеңейтті. Сонымен қатар, мәліметтерге оңай қол жеткізу тұрғысынан алғанда да интернет анық артықшылықтарға ие болды.

Талдау мәліметтеріне сәйкес, бүкіл әлемде күн сайын түрлі компанияларға шамамен 50 000-ға жуық кибершабуылдар жасалуда және бұл көрсеткіш жыл сайын тек арта түсуде. Негізі, әр адамның жеке, қаржылық және аналитикалық ресурстарына деген жалпы қолжетімділік мемлекет заңнамасымен реттеледі. Бір қызығы, қастандық ойлаушы зиянкестер әскери, қорғаныс ұйымдарының немесе өзге өнеркәсіптік кәсіпорындардың ақпаратын ұрлаудан гөрі, банктік реквизиттерге қол жеткізуге жиірек талпынады.

Санкцияланбаған тыңшылық бағдарламалармен қатар санкцияланған бағдарламалық қамтамасыз ету де көптеп кездеседі. Мысал ретінде NeoSpy әмбебап бағдарламасын қарастырып көрейік. Оның мүмкіндіктері мынадай: 

- қызметкерлер немесе кәсіпорын қызметін талдау;

- қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін және жұмысқа қабілеттілігінің тиімділігін бағалау;

- ақпараттың жылыстауы мен қызметкерлердің өз дәрежесін жеке мақсатта пайдалануын анықтау және жою.

Саботаждың болу мүмкіндігі

Ғаламтордың таралуы өнеркәсіптік тыңшылық мүмкіндіктерін саботаж мақсаты тұрғысынан да кеңейтті. 2000-ыншы жылдардың басында энергетикалық компаниялардың дәл осы түрдегі шабуылдарға жиі ұшырайтыны байқалды. Энергетикалық жүйелердің негізгі қызметі — су шығыны, салқындату жүйелерінің және т.б. жүйелердің жұмысқа қабілеттілігіне тұрақты мониторинг жүргізу. Олардың жалғыз кемшілігі — басқару сыртқы xакерлік шабуылдарға жиі ұшырайтын компьютерлік жүйелер арқылы іске асырылады.

Айтылғандарды түйіндесек, өнеркәсіптік тыңшылықтың жаңа әдістерін зерттеу және құрастыру сол әдістерді террористердің немесе өзге мемлекеттік дұшпан тыңшылардың пайдалануы секілді жаһандық проблемаға жол ашады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)