Өлең, жыр, ақындар

Көзің нұрсыз дейсің сен

  • 18.04.2015
  • 1
  • 1
  • 42461
...Содан бері шыныммен жыламадым,
Сүріндім ғой, қойшы оны, құламадым.
Көзің нұрсыз дейсің сен өлде әзілің,
Әлде бір шыныңмен-ақ сынағаның
Оның рас, несіне қынжыламын,
Нұрсыз көздің көрсеңші тұнжырауын.
Жанарымның жартысы ағып кеткен,
Себебі, бір-ақ рет шын жыладым.
...Аттанды әкем жау туын құлатуға,
Қуат берсін, жетсін бір мұратына.
Желе жортып, артынан ілестім мен,
Қонып алып әкемнің құла атына.
Ақпан еді, бүріккен үскірігін,
Шырылдатып бұрқасын ысқырығын.
Ес білгелі ең алғаш жылағаным,
Кешіргейсің, есіме түсті бүгін.
Жылайын деп онда мен жыламадым,
Шыдамадым, қайтейін, шыдамадым,
Алпамыстай әкемнің өкіріп кеп,
Көріп қалдым шанадан құлағанын.
Болсам-дағы тұңғышы, шөлдегені,
Маңдайымнан иіскеп көрмеп еді.
Өкіріп кеп, аймалап, жылап жатыр,
Тік көтеріп қойды да жерге мені.
Өзі күйреп жатқанда шаңырағым,
Шыныменен сонда мен аңырадым.
Өкіргенде тау тұрды күңіреніп,
Сондағы Әке, қазіргі Аруағым.
Қауым келіп, қаумалап, алып кеткен,
Қап-қараңғы дүние, жарық кеткен.
Көзің нұрсыз дейсің сен,
Сонда менің,
Жанарымның жартысы ағып кеткен...



Пікірлер (1)

Төрегелді Əсем

Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері кереметттт

Пікір қалдырыңыз

Елім, саған ғашықпын!

  • 1
  • 5

Елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған:
Құмарымды қандырмап едім.

Толық

Білгішіме

  • 1
  • 4

Тағы да, тағы, тағы да,
Тағы да сына, білгішім.
Кіріп ап менің жаныма,
Кір іздеп тағы жүрмісің?!

Толық

Түнгі табиғат

  • 0
  • 2

Іңірде тұрмын қарап ойға қалып,
Тәтті қиял тулайды жүрек жарып.
Ұйықтаған бар табиғат майда лебі,
Аймалап өтіп жатты бетті шалып.

Толық

Қарап көріңіз