Толғақты анықтау

Дәрігер-акушер толғақты анықтап қана қоймай, толғақты әйелдің жалпы жағдайын үнемі бақылап отыруы қажет және уақтылы жәрдем беріп отыруы тиіс.

Толғақты дұрыс бақылау үшін төмендегі мәселелерді анықтап алу керек:

— әйелдің жасы, нешінші тууы;

— толғақ басталған ба;

— егер толғақ болса, ол қай кезеңде;

— қағанағы жарылған ба;

— нәрестенің қалпы қалай;

— нәресте тірі ме, өміріне қауіп жоқ па;

— жүктіліктің мерзімі қанша;

— нәрестенің  жайғасуы дұрыс иа;

— жамбас сүйегінің өлшемі қандай;

— нәрестенің салмақ шамасы қандай;

-   алдыңғы босануы қалай болған, акушерлік анамнезі ауырлаған емес пе.

Әрине, бұл нәрселердің бәрін анықтап, дұрыс баға беру үшін толғақты әйелдің қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, әйелді сырттай және іштей (қынап арқылы) мұқият» тексеріп, көру керек.

Әйелдер босанар уақытты анықтау

Негізінде жүктіліктің мерзімін соңғы етеккірге қарай есептейді. Етеккірдің болған күнінен кері қарай үш ай есептеп, оған 7 күн қосса, әйелдің босанар уақыты шығады. Мысалы, 15/V  болса, босанар уақыты  22/ІІ. Әйелдің босанар уақытының келгені мына белгілер бойынша  анықталады.

1. Жүктіліктің соңғы 1-2 аптасында жатыр деңгейі төмен түсіп, әйелдің демалуы едәуір жеділдегендей;

2. Тұмса әйелде баланың басы кіші жамбас қуысына кіре беріске тіреліп тұрса; екінші көтерген әйелде соңғы 2-3 аптаға  дейін баланың  басы жоғарыда болады да, соңғы апталарында төмен түсіп, жамбасқа тіреледі;

3. Соңғы аптада жатыр мойны тууға дайын болады (піседі);

Піскен жатыр мойнының ерекшеліктері:

— жатыр мойны қысқа 1-1,5 см;

— өткізгіш бағытқа орналасқан  (жамбас қусының ортасында);

— өте жұмсарған;

— мойын қуысына 1 немесе 2 саусақ оңай енеді.

4. Қынапты жатыр мойнының кілегейлі жабысқақ бөлігі көрінеді (жатыр мойнының тығыны ашылады);

5. Соңғы күндер жүкті әйелдің іші, белі төменге тартып ауырады.  Бірақ бұл толғақ емес, толғақтың белгісі.

Егер іштің немесе белдің ауыруы белгілі бір уақыт аралығында қайталанып жатса, бұл — толғақ. Толғатқан әйелді — толғақтағы әйел деп  атаймыз. Жоғарыда біз піскен жатыр мойнының ерекшеліктерін атып өттік, енді піскен жатыр мойнының ерекшеліктері:

— өткізгіш бағыттан бөлек сегізкөз немесе симфизге жақын орналасқан;

— қысқармаған (2-3  см);

— жұмсармаған;

— мойнының қуысына саусақ кірмейді (жабық). Туған әйелдерде бір саусақ қана өтуі мүмкін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)