Толғақтың бұзылуы

Толғақ — жатыр бұлшық еттерінің жоғарыдан, яғни жатыр түбінен басталып, төмен қарай бірқалыпты жиырылуының нәтижесінде болатын құбылыс. Ал кейбір жағдайларда белгілі бір себептердің салдарынан толғақ әлсіреп немесе толғақ болғанымен де оның нәтижесіз кездері болады, бұл құбылысты толғақтың бұзылуы дейміз.

Басты себептері

— жүйкенің шаршауы;

— жұқпалы аурулар;

— жатыр кемістіктері;

— жатырдың қабынуы;

— жатыр ісіктері;

— клиникалық тар жамбас;

— судың көп немесе аз болуы немесе ерте кетіп қалуы;

— негізсіз, дұрыс емдемеу салдары.

Толғақтың бұзылуы түріне қарай үшке бөлінеді:

1.  Толғақтың әлсіз болуы;

2.  Толғақтың тым қатты болуы;

3.  Дискординациялық толғақ.

Әлсіз толғақты басталған уақытына қарай бірінші, екінші деп бөледі. Егер толғақ о бастан әлсіз, сирек болып жатса, оны толғақтың бірінші әлсіздігі дейміз. Ал толғақ ойдағыдай бола келе, белгілі бір кезде әлсізденсе, оны екінші әлсіздік деп атаймыз.

Әлсіз толғақты күшейтетін тәсілдердің бірі окситоксин және простаглиндиндерді қолдану болып тұр. Бұл дәрілерді тамырға тамшылатып, 3-4 сағат бойы құяды.

Толғақ тым қатты болған жағдайда толғақты белгілі бір уақытқа тоқтатып немесе бәсеңдететіндей жағдай жасау керек.

Толғақ тым қатты болғанда жатыр мойны мен босану жолдары тез ашылып, жарақаттану көп кездеседі және туылуға бейімделіп үлгермеген нәресте де зақымдануы мүмкін.

Дискординациялық толғақтың себебі жатыр бұлшық еттерінің ретсіз жиырылуы. Соның салдарынан жатыр мойны дұрыс ашылмайды, нәтижесінде толғақ ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше толғақты реттеуге әрекет жасау керек.

Толғақты күшейтетін дәрі-дәрмек қолдануға болмайды! Бұлшық етті босаңсытатын және седативтік дәрі-дәрмекті қолдану керек. Жоғарыда келтірілген толғақтың бұзылуының барлық түрін емдегенде басқа да акушерлік жағдайларды, мысалы,

— баланың жағдайы;

— су кеткен уақыты;

— әйелдің жағдайы;

— баланың қалпы, салмағы, жайғасуы және т.б.

ескере отырып, дұрыс шешім қабылдаған жөн. Қажет болса, әріптестермен ақылдасу керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)