Өлең-жыр байқауы

Республикамыздағы жаңа және үлкен сұранысқа ие мамандық - Дінтану

Республикамыздағы жаңа және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі.
Егер сіз «Дінтану» мамандығын таңдаған болсаңыз, онда жоғарғы кәсіби деңгейде конфессионалдық мәселелерді терең талдауға қабілетті боласыздар. Өз басым дінтануды қазіргі таңдағы ең қажетті және талап етілетін мамандықтардың бірі ретінде санаймын. Себебі, кейінгі кезде қоғамымыздың тыныштығын бұзатын дәстүрлі емес діни ұйымдар, террористтік бағыттар көбейіп жатыр. Соларға қарсы бізде иммунитет болуы тиіс. Бірақ бұл мамандықты көбісі дұроыс түсінбей жатады. Ел арасында ол жақта тек ислам дінін оқытып, молда қылып шығарады деген сөздер көп жүруде. Бірақ ол қате пікір. Мына жерде ҚазҰУ-дың философия және саясаттану кафедрасының дінтану мамандығы жайлы толық ақпарат берілген.
Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады.

 

ҚазҰУ 4 курс студенті Хасенов Сұнғат Талғатұлы
Ғылыми жетекші Борбасова Қарлығаш Молдағалиевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.