ozgetil.kz

Баубек Бұлқышев

Баубек Бұлқышев (1916, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы — 1944, Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы) — жазушы. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген (1935). Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп (1937), көптеген өлең, “Балалық шақ” поэмасын, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесін жазды. 1939 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, кейін “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде бөлім меңгерушісі болған. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Бұлқышев Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. Оның соғыстағы отаншылдық ерлігі ата дәстүрінің жалғасы іспетті. Баубектің әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаїармандықпен қаза тапты. Бұлқышев көптеген өлеңдер жазып, республика баспасөз беттерінде жариялады, оның “Алматы — менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Бұлқышевтың шығармашылық дарыны Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942 жылы 1 мамырда “Комсомольская правда” газетінде Бұлқышевтың “Өмір мен өлім туралы” (жас қазақ әскерінің хаты) деген өршіл, отаншыл мақаласы жарық көрді. Соғыс кезінде жазған шығармаларының дені “Комсомольская правда” газетінде жарияланды. Бұлқышевтың “Я хочу жить”, “Жизнь принадлежит нам”, “Коварство и любовь”, “Письмо сыну Востока”, “Слушай, Кавказ” және басқа мақалаларын көрнекті жазушы Ғ. Мүсірепов қазақ тіліне аударып, республика “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде жариялады. Бұлқышев шығармалары әдеби жинақтарда (“Жизнь солдата”, М., 1946; “Журналисты в шинелях”, А.-А., 1968; “Есімізде қанды майдан жорықтары”, А., 1968) басылды, жеке кітап болып жарық көрген


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Адал адам Отанын сүйеді, адал, ақ жүрекке Отан — анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздегі махаббатты өлшеуге болмайды

Ілмектер: отан, ана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мақтаныш, қуаныш, махаббат Баубек Бұлқышев

Тірі боп жүз жыл жасап тек тұрудан,
Бір күн артық ел үшін еңбектенген.

Ілмектер: ел, еңбек Баубек Бұлқышев

Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!

Ілмектер: жолдас, дос, көңіл Баубек Бұлқышев

Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарындамыз... Біз жастар, тағдырымыз сендермен байланысты екенін білеміз.

Ілмектер: жастар, тағдыр Баубек Бұлқышев

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.

Ілмектер: адам, ой, мұра Баубек Бұлқышев







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)