Мырзатай Жолдасбеков

Жолдасбеков Мырзатай (27.5.1937 жылы туған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақтөбе ауылы) – мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы (1993), профессор (1993). 1954 – 55 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған. ҚазМУ-ді бітірген (1960). 1960 – 64 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент, 1964 – 67 жылдары аспирант. 1970 – 74 жылдары аға оқытушы, доцент, 1974 – 77 жылдары филология факультетінің деканы болды. 1977 – 87 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры, 1987 – 88 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, 1988 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, 1991 – 93 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, 1993 – 97 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, 1997 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады.


Нақыл сөздері

Қарайғанды тау санама, көрінгенді жау санама.

Ілмектер: жау, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Бақ – атадан қалған мұра емес.

Ілмектер: бақ, мұра Мырзатай Жолдасбеков

Еліңнің жұты болма, құты бол!

Ілмектер: ел, құт, жұт Мырзатай Жолдасбеков

Өз тіліңді өзің үшін, өзгенің тілін күнің үшін үйренесің.

Ілмектер: тіл, шет тілі Мырзатай Жолдасбеков

Қиындықты сен жеңбесең, қиындық сені жеңеді.

Ілмектер: қиындық, жеңіс Мырзатай Жолдасбеков

Қазақтың үміті ақталмаса, елде тыныштық сақталмайды.

Ілмектер: қазақ, үміт, тыныштық Мырзатай Жолдасбеков

Қазақты қазақтан басқа ешкім жарылқамайды.

Ілмектер: қазақ Мырзатай Жолдасбеков

Асып бара жатсаң, еліңмен бөліс.

Ілмектер: ел, бөлісу Мырзатай Жолдасбеков

Өз басыңды ғана ойласаң, елдің қамын кім жейді?

Ілмектер: ойлау, нақыл сөз Мырзатай Жолдасбеков

Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.

Ілмектер: өзгеріс, ел, түзелу Мырзатай Жолдасбеков

Елді ояту үшін, тарихты ояту керек.

Ілмектер: ел, тарих Мырзатай Жолдасбеков

Еліңнің тағдыры - өзіңнің тағдырың.

Ілмектер: ел, тағдыр Мырзатай Жолдасбеков

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)