Данабике Байқадамова

Байқадамова Данабике (1913–1993), стенографист-машинистка.

Алматы қалалық екі жылдық стенографистер курсын бітірген. Республикалық газеттер мен баспасөз орындарында қызмет істеген. Құдайберген және Ахмет Жұбанов, Б. Майлин, Ж. Жабаев т.б. ақын жазушылардың шығармаларын, Жазушылар одағының съездері пленумдарының материалдарын стенографиялаған.

«Қазақ стенографиясы» оқулығын, бірнеше том естеліктер жазып қалдырды.

1948 жылдан Әуезовтің «Абай жолы» романын жазушының ауызша айтуы арқылы стенографияға түсірген. «Мен білетін Әуезов» естелігінде (1961) ұлы жазушының сырт көзге белгісіз мінез-құлықтарынан, отбасылық тіршілігінен, сондай-ақ еңбекқорлығынан, аса биік адамгершілігінен, зор парасаттылығынан, кішіпейілділігінен т.б. көптеген жайлардан хабардар етеді. Мұхаң қаза болғанда, жоқтау шығарған.


Өлеңдері







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)