Омар Хайям

Омар Һайям - парсы математигі, астрономы, ақыны (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибраһим аль-Һайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімұшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның «Евклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған.

Омар Һайям, Ғийас әд-Дин Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-һайям [18 наурыз 1048, Нишапур – 4 желтоқсан 1122 (1112/1131), Мерв] – көрнекті парсы-тәжік ақыны, математик, астроном.


Нақыл сөздері

Әрекет етпей арманға жетуді ойлау, егін екпей, оны жинаумен тең!

Ілмектер: әрект, адам, нақыл Омар Хайям

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.

Ілмектер: ақымақ, дос, достық, дана, алтын Омар Хайям

Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.

Ілмектер: өмір, қағида, ереже, тамақ, жалғыздық Омар Хайям

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, дос, дос болу, Достық Омар Хайям

Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін.

Ілмектер: бөтен, сену, дос, сатқындық Омар Хайям

Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі — не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі — кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.

Ілмектер: өмір, заң, азық, дос Омар Хайям

Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.

Ілмектер: адам, сана Омар Хайям


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)